конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Техникалық регламентке сай келмейтін дизель отыны...

Техникалық регламентке сай келмейтін дизель отыны тәркіленді

Заң мен тəртіп 22.12.2025, 11:31 685 dulatbekova
Техникалық регламентке сай келмейтін дизель отыны тәркіленді
Сурет: Gov.kz

Маңғыстау облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің инспекторлары бақылау мақсатында сатып алу барысында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дизель отынын сату фактісін анықтады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Зертхана сынақтары нәтижелері бойынша ДТ-Л-К4 маркалы дизель отыны Кеден одағының «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» ТР ТС 013/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, тексерілген өнімдегі күкірттің массалық үлесі 115 мг/кг-ды құрады, ал рұқсат етілген норма 50 мг/кг-дан аспауы тиіс, бұл белгіленген көрсеткіштен 65 мг/кг-ға артық екенін көрсетеді.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты уәкілетті орган сотқа талап арыз жолдады. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 19 қарашадағы шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Сот кәсіпкерлік субъектісін техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін ДТ-Л-К4 маркалы дизель отынының тәркіленген өнімін иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Сот актісіне сәйкес, көрсетілген өнім уәкілетті органның талаптарын және қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып, иесінің өз қаражаты есебінен жоюға, кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге, не Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығаруға жатады.

Бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұнай өнімдері нарығында техникалық реттеудің міндетті талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#техникалық регламент #Дизель отыны #заңбұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);