Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орнал...

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Білім және ғылым Бүгін 11:12 48
Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына түсудің ережесін түсіндірген брифинг болып өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда Академия өкілдері талапкерге қойылар талапты, білім беру бағдарламалары мен оқудың артықшылығы туралы баяндап берді.

Биыл академияның құқық қорғау саласына маман даярлай бастағанына 70 жыл толыпты. Аға оқытушы Жұлдыз Арыстанғалиеваның айтуынша, оқу орны криминалдық және әкімшілік полиция, киберполиция және IT бағыты бойынша маман даярлайды.

«Біздің академияға түсерде жай ғана оқу орнын таңдап қана қоймай, заңға, қоғам мен мемлекетке қызмет етуге саналы қадам жасайсыз. Курсанттар алғашқы күннен бастап теориялық біліммен бірге, болашақ қызметке қажетті тәжірибелік дағдыны да меңгеріп шығады», – деді Жұлдыз Арыстанғалиева.

Курсанттарға тегін жатақхана мен тамақ беріліп, киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, ай сайын шәкіртақы алып отырады. Оқу мерзімі еңбек өтіліне қосылып есептеліп, ол мерзімді әскери қызметпен теңестіріледі.

Оның айтуынша, академияны бітірген түлектерге полиция лейтенанты шені беріледі, үздік аяқтағандары жоғары шен алуы да әбден мүмкін екен.

Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының оқытушысы Гүлзар Қадірберлина қазір академияда алты негізгі бағыт бойынша даярлық жүргізетінін айтты. Арасында киберқылмыс пен IT-криминалистика да бар.

«Бұл уақыт талабына толық жауап беретін мамандықтар. Қазіргі цифрланып жатқан заманда, киберқылмысқа қарсы күрес пен IT саласы өзекті», – дейді.

Курсанттар мұнда теориямен қатар тәжірибелік дайындықтан өтіп, кәсіби офицер болып қалыптасады.

«Барлық түлек 100 пайыз жұмысқа орналасады. Оқу еңбек өтіліне кіреді, үздік бітірген жағдайда жоғары шен алуға мүмкіндігі бар», – дейді спикер.

Академияға түсу үшін ҰБТ-дан кемі 50 балл жинауы керек, әр пән бойынша белгіленген шектік балл сақталуы тиіс. Құжат қабылдау басталды, оған тұрғылықты жердегі полиция бөлімі арқылы, не онлайн өтініш бере алады.

Талапкерлер мамырға дейін тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуі немесе академияның ресми сайты Алматы академиясының ресми сайты https://alpolac.edu.kz/ арқылы тікелей сілтемемен құжат тапсырады. Қабылдауға қажетті ҰБТ мамыр мен шілде айы аралығында өтеді.

Оқуға түсер кезде талапкерлер екі бейіндік пәнді өз қалауы бойынша таңдай алады (шығармашылық емтиханнан басқа). Байқауға қатысу үшін кемінде 50 балл жинауы қажет, әр пәннен кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылықтан» кемі 3 балл болуы тиіс.

Жекелеген санаттағы талапкер, ҰБТ-дан жоғары балл жинағандар, «Алтын белгі» иегері мен спорттық атағы барлар байқаусыз қабылдануы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#офицер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика