«Тазалық - баршамызға ортақ іс»

«Тазалық - баршамызға ортақ іс» Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматылық зейнеткерлер скандинавиялық серуендеуді қоқыс жинаумен ұштастырды

Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Жарқын күз» күзгі науқанын қолдады.

Науқан аясында «Тазалық – баршамызға ортақ іс» атты спорттық плоггинг өтті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары скандинавиялық серуендеуді қаладағы саябақтар мен скверлерде қоқыс жинаумен ұштастырды.

Қарт алматылықтар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын жалғастырғаны үшін қала билігіне алғыс айтып, жас ұрпақты сүйікті қаласын таза ұстап, қорғауға, үйлерінің аумағын күтіп-баптауға шақырды.

«Қала тазалығы баршаға керек және бұл ортақ іс», – дейді зейнеткерлер.

Айта кетейік, Республика күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының барлық бөлімшелерінде мерекелік концерттер өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21