Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Таза Қазақстан – тек табиғат емес, ой-сана тазалығ...

Таза Қазақстан – тек табиғат емес, ой-сана тазалығы

Әлеумет 15.08.2025, 15:42 940
Таза Қазақстан – тек табиғат емес, ой-сана тазалығы
gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында «Таза Қазақстан» ұғымының мәнін кеңінен түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, Таза Қазақстан – қоршаған ортаны таза ұстаумен ғана шектелмейді. «Бұл – ең алдымен ой-сана тазалығы. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады. Қолы таза адам жемқорлыққа бармайды, адал болады. Асыл қасиеттерді бойына сіңірген нағыз адал азаматтар Әділетті Қазақстанның тірегі бола алады», – деді Президент.

Биылдан бастап елімізде «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама барлық мектептерде, соның ішінде жекеменшік білім ошақтарында да қолданылады. Сондай-ақ, педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына да енгізу ұсынылды.

Президенттің айтуынша, білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Мектеп тек білім беріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа дұрыс жол көрсететін рухани орталық болуы тиіс. Ұрпақ тәрбиесінде «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді жұмыс істеуі қажет.

«Жас ұрпаққа еңбексіз еш игілік болмайтынын түсіндіру – басты міндет. Қоғамда масылдыққа жол бермеу керек. Таза Қазақстан – осы идеяны жүзеге асыратын қадамдардың бірі», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Қасым-Жомарт Тоқаев #Ұстаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика