Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Таза Қазақстан: ҚазҰУ экохабы «Zero Waste Campus»...

Таза Қазақстан: ҚазҰУ экохабы «Zero Waste Campus» акциясына қатысуда

Әлеумет 11.09.2025, 15:42 836
Таза Қазақстан: ҚазҰУ экохабы «Zero Waste Campus» акциясына қатысуда
gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экохабында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Zero Waste Campus» бағдарламасының іс-шаралары өтіп жатыр. Жоба кампустарда қалдықсыз өмір салтын насихаттауға және студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар «Zero Waste» қағидаларымен танысып, қалдықтарды сұрыптау бойынша тәжірибеден өтті. Пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу үлгілері көрсетіліп, саналы тұтыну мәдениеті түсіндірілді. Студенттер бөтелке қақпақтарын сұрыптап, арнайы цехтағы ұсақтау және түрлі-түсті плиталарға айналдыру процесін бақылады. Осы плиталардан үстел, орындық, интерьер бұйымдары жасалады.

Кампус аумағына қалдықтарды бөлек жинайтын фандоматтар орнатылған. «ECO Network» компаниясының жобалар жетекшісі Хамза Сафаровтың айтуынша, экохаб – компания мен ҚазҰУ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жемісі. Мұнда кез келген адам қалдықтарын өткізіп, олардан дайындалған бұйымдар жасай алады. Сонымен қатар жасыл экономика тақырыбында шеберлік сабақтары мен интерактивті оқыту өткізіледі.

Жобаны үйлестіруші, ЮНЕСКО-ның тұрақты даму кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Керімқұлова биыл экохаб жұмысына жүздеген студенттердің тартылғанын айтты. Ал студенттердің өздері экологиялық бастаманың маңызын ерекше атап өтті:

  • Мадина Естаева, журналистика факультетінің 1-курс студенті:
    «Экохаб жай ғана акция емес, ол – экологиялық мәдениет қалыптастырудың нақты қадамы. Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы біз климатқа келетін зиянды азайтамыз».

  • Рамина Ибрагимова, экология факультетінің 1-курс студенті:
    «Бұл тәжірибе мен үшін өте құнды. Волонтер ретінде қалдықтарды сұрыптау – болашақ мамандығым үшін үлкен мектеп».

ҚазҰУ экохабы жастардың экология саласындағы тәжірибе алмасу және диалог алаңына айналды. «Zero Waste Campus» бастамасы – таза әрі тұрақты болашаққа қадам және студенттердің табиғатты қорғаудағы белсенділігінің айқын дәлелі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экохаб #Экология #ЮНЕСКО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика