AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Таза Қазақстан: Алматыда «GREEN UP» экологиялық жо...

Таза Қазақстан: Алматыда «GREEN UP» экологиялық жобасы іске қосылды

Таза Қазақстан Бүгін 12:20 32
Таза Қазақстан: Алматыда «GREEN UP» экологиялық жобасы іске қосылды
Қайрат Қонысбаев

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «GREEN UP» экологиялық жобасы таныстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба қалалық №224 мектепте ұйымдастырылып, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау мен жауапты тұтыну дағдыларын күнделікті өмірге енгізуге бағытталған. Кездесу барысында қатысушыларға жобаның мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызы көрсетілді.

Бастаманың басты ерекшелігі – экологияны бір реттік сенбілік немесе акция ретінде емес, әр адамның күнделікті өмір салтының бір бөлігіне айналдыру. «GREEN UP» бастамасы арқылы мектеп оқушылары қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеуге тапсыру, табиғи ресурстарды үнемдеу және экологиялық волонтерлікке қатысу сияқты бағыттарға тартылмақ.

Мектеп директоры Райза Ахметова жобаның оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік беретін маңызды бастама екенін атап өтті.

– «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде экологиялық бағыттағы жаңа бастама қолға алынып отыр. Мақсатымыз – шәкірттеріміздің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды күнделікті әдетке айналдыру. Бала табиғатты қорғау туралы біліп қана қоймай, оның тазалығына нақты іспен үлес қоса алуы керек, – дейді Райза Ахметова.

Мектеп басшысының айтуынша, суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу және оған күтім жасау сияқты қарапайым әрекеттер баланың бойында жауапкершілік пен ұқыптылықты қалыптастырады.

«GREEN UP» жобасының басты бағыттарының бірі – оқушыларды экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту. Балалар өз идеяларын ұсынып, табиғатты қорғауға арналған шағын жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Бұл жұмысқа мұғалімдер мен ата-аналарды да кеңінен тарту көзделіп отыр.

Жоба таныстырылымында экологиялық мәдениет, жауапты тұтыну, қалдықтарды бөлек жинау және материалдарға екінші өмір сыйлау мәселелері талқыланды.

Бастаманы таныстырған Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін әр адам күнделікті қарапайым әрекеттерден бастауы қажет.

– Адамдар сенбілікке қатысып, қоқыс жинап, көшет отырғызуы мүмкін. Алайда экологияға деген жауапкершілік күнделікті өмірде де көрінуі керек. Қалдықтарды сұрыптау, қажетсіз қоқысты азайту, қайта өңдеуге тапсыру сияқты қарапайым әдеттер қоғам мәдениетінің бір бөлігіне айналуы тиіс. Мұндай дағдыларды қалыптастырудың ең тиімді жолы – балалармен жұмыс істеу, – дейді Евгений Мұхамеджанов.

Спикердің сөзінше, жоба аясында арнайы мобильді қосымша пайдаланылмақ. Оның көмегімен қатысушылар өздерінің экологиялық жетістіктерін тіркей алады. Мәселен, оқушы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, экохабқа тапсырған кезде бұл оның жеке көрсеткішінде белгіленеді. Сонымен қатар мектептің немесе ұйымның жалпы нәтижесі де қалыптасады. Бұл тәсіл оқушылардың экологиялық бастамаларға қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім беру ұйымдары арасында пайдалы бәсекелестік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жоба таныстырылымында қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу процесімен де танысты. Арнайы жабдықтардың көмегімен пластик және басқа да материалдарды өңдеп, одан жаңа бұйымдар жасау мүмкіндігі көрсетілді.

Оқушылар макулатура мен пластик қалдықтарын жинап әкеліп, оларды қайта өңдеуге тапсырды. Осылайша, жоба қатысушылары экологиялық мәдениеттің алғашқы қадамын теория жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындап көрді.

Алдағы уақытта жобаға экологиялық волонтерлік бағытты да қосу жоспарланып отыр. Белсенді оқушылар экологиялық клубтар құрып, түрлі бастама мен акцияларға қатыса алады.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

Бүгін 12:52

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Өтеген батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:46

Алматы құрылыс және инженерия саласының орталығына айналады

Бүгін 12:31

Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

Бүгін 12:05

Қазақстанда жыл сайын 5 қыркүйекте Тілдер күні аталып өтеді

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);