AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Таза Қазақстан» аясында меморандумға қол қойылды

«Таза Қазақстан» аясында меморандумға қол қойылды

Барлығы 05.02.2026, 18:19 234
«Таза Қазақстан» аясында меморандумға қол қойылды
«Abai University» медиа орталығы

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғаттың тазалығын сақтау жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Осы бағытта бүгін Абай университеті Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлымен кездесті. Кездесу барысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында бірлесе атқарылатын жұмыстар жайы айтылып, ортақ ұсыныстар мен жоспарлар талқыланды. Жалпыұлттық жоба шеңберінде екіжақты әріптестікті арттырып, жастар арасында экологиялық тазалықты насихаттауға назар аударылды.

Талқылау барысында университет басшылығы «Таза Қазақстан» жобасы бойынша қолға алынған білім алушылар мен оқытушы-профессорлар құрамының экологиялық ғылыми зерттеулеріне тоқталды. Олардың басым көпшілігі еліміз үшін ғана емес, жаһандық экология үшін маңызды десек болады. Қос тарап адамзат үшін маңызды тақырып аясында ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта бірлесе атқаруға уағдаласты.

Ұлттық паркті болашақ мамандарды даярлауда тәжірибе алаңына айналдыру мәселелері қозғалды. Табиғи нысандар, биоалуантүрлілік пен экожүйелерге қатысты мәліметтерді талдау арқылы студенттердің зерттеу қабілеттерін арттыру, бірлескен оқу құралдары мен әдістемелік еңбектер әзірлеу жайы сөз болды. Ұлттық парктің деректер қорын ғылыми айналымға енгізіп, оқу үдерісінде пайдалану мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Сонымен қатар, Іле-Алатау ұлттық паркінің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар да қаралды. Атап айтқанда, студенттердің жаңа технологияларды пайдалана отырып, экологиялық, танымдық және туристік бағыттағы бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Мұндай цифрлық жобалар жастардың қызығушылығын тудырып, ұлттық парк қызметін кеңірек насихаттауға септігін тигізеді.

Кездесу соңында тараптар ортақ шешімге келіп ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім алдағы екіжақты бірлескен жұмыстардың берік негізіне айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика