Таза аула – жарқын болашақтың кепілі

Таза аула – жарқын болашақтың кепілі aqshamnews.kz

Қазіргі таңда қоршаған ортаның тазалығы – адамзат алдындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, жастардың табиғатты аялауға, тазалық сақтауға деген көзқарасын қалыптастыру – білім беру мекемелерінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда, колледж ауласындағы тазалықтың сақталуы – тек оқу орнының ғана емес, бүкіл қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді.

Колледж – тек білім беретін орда ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеу, жауапкершілікке баулу алаңы. Аула тазалығы – тәртіп пен ұқыптылықтың, экологиялық мәдениеттің айқын көрінісі. Таза, жайқалған көгал мен күтілген аула – студенттерге жайлы орта ғана емес, олардың оқу үлгеріміне, көңіл-күйіне де оң әсер етеді.

Сондықтан Принтмедиа технологиялар колледжінің ұжымы мен студенттері біріге отырып, сенбілік жұмыстарын жиі ұйымдастырып отырамыз. Мұндай шаралар – бір жағынан тазалықты сақтауға бағытталса, екінші жағынан бірлік пен ұйымшылдықты арттырады.

Оқу жылы басталғанда жатақханада тұратын студенттермен бірге Сыпатай көшесін тазалау акциясын ұйымдастырдық. Бұл іс-шара жастарды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырып қана қоймай, олардың экологиялық санасын арттыруға бағытталды. Мұндай экологиялық шаралар жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығын оятады.

   

Сонымен қатар, осы іс-шара аясында қоршаған ортаны қорғау бойынша қысқаша лекциялар оқылып, қатысушыларға экологиялық мәселелердің маңыздылығы түсіндірілді. Студенттер экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы пікір алмасып, пластик қалдықтарын дұрыс сұрыптау мен қайта өңдеу бойынша ақпарат алды.

«Таза Қазақстан» эко акциясы аясында колледж еріктілерімен бірге жалпы қалалық сенбілік жасап, Алмалы ауданы әкімдігімен бірге Прокофьева көшесінде орналасқан саябақта 50 бұтақ алма ағашы мен шаған ағаштарын отырғызуға ат салыстық. Бұл игі іс-шараға студенттер белсенді қатысып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін іспен дәлелдеді. Ағаш отырғызу арқылы біз тек қоршаған ортаны көгалдандырып қана қоймай, болашақ ұрпаққа таза әрі жасыл қала қалдыруға өз үлесімізді қосып жатырмыз. Сонымен қатар, сенбілік барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

   

23-наурыз «Тазару күні» аясында табиғатқа қамқорлық жасап, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесімізді қостық. Қалдықтарды сұрыптап, аулаларды, көшелерді тазалап, ағаш түптерін әктеп, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдірдік.  Бұл шара – тек бір күндік тазалық акциясы ғана емес, бұл – табиғатқа деген жауапкершілік пен жанашырлықтың көрінісі. Осы игі істі жалғастыру мақсатында біз тұрғындарды экологиялық мәдениетті арттыруға шақырамыз.

   

Әрбір адамның күнделікті өмірде қалдықтарды дұрыс сұрыптап, айналаны таза ұстауы – үлкен өзгерістердің бастамасы бола алады. Сонымен қатар, көшеттер отырғызу, жасыл желекті көбейту – болашақ ұрпаққа таза әрі көркем табиғат сыйлаудың жарқын үлгісі.

Біз бұл игі істі дәстүрге айналдыруды көздейміз. Табиғатты аялау – өз болашағымызды қорғау екенін ұмытпаймыз!

Наурыз мерекесінен кейін колледж ауласын тазалау жұмыстары ары қарай жандана түсті. Сенбілік жұмыстары ай сайын жалғасын таба бермек.

Тазалыққа жауапты топтар әр сенбі сайын колледж аумағын күл-қоқыстан тазартып, гүлзарларды ретке келтіруде. Студенттер мен оқытушылар бұл игі іске белсене атсалысып, аулаға тал егіп, қоршаған ортаның көркейуіне өз үлестерін қосуда.

     

Колледж әкімшілігі тазалық жұмыстарына белсенділік танытқан қатысушыларды алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттап отыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда және қоғамдық белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Алдағы уақытта сенбіліктер аясында ағаш отырғызу, гүл отырғызу, көгалдандыру және қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинау сияқты түрлі экологиялық акциялар ұйымдастырылмақ.

Бірлесе атқарылған бұл жұмыстар – таза әрі жайлы оқу ордасын қалыптастыру жолындағы үлкен қадам.

Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – біздің азаматтық борышымыз. Ендеше, әрқайсымыз колледж ауласын таза ұстап, өзгелерге үлгі болайық. Себебі, "Тазалық – тәртіптің айнасы", ал таза орта – жарқын болашақтың кепілі!

Шүленбаева Жұлдыз Кенжемұратқызы

Педагог зерттеуші

Арнайы пән оқытушысы

КМҚК «Принтмедиа технологиялар колледжі»

 (Алматы, Қазақстан)

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:52

17:47

17:39

17:26

17:07

16:34

16:33

16:28

16:07

15:42

15:18

15:16

15:12

14:38

14:21

13:17

12:41

12:40

11:57

11:27

10:49

10:40

10:33

10:29

10:10