AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялағандар...

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялағандар мемлекеттік награда алды

Ресми бөлім 10.04.2026, 11:19 562
Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялағандар мемлекеттік награда алды
Үкімет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр президенттің атынан Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысқан мемлекеттік орган қызметкерлері мен авиация саласының өкілдеріне наградалар табыс етті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты 2026 жылдың ақпан айында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге елеулі үлес қосқан авиация саласы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Наградаларға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, авиакомпаниялардың, әуежайлардың қызметкерлері, ұшу экипаждарының мүшелері, жерүсті қызметтерінің мамандары және саланың басқа да өкілдері ұсынылды.

«Барлық жұмыстың нақты әрі үйлесімді ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Осынау лайықты ордендер, медальдар мен Президенттің алғысы сіздер үшін кәсіби тұрғыда одан әрі өсуге, қолда бар дағдыларды жетілдіруге және жаңа білім алуға қосымша серпін болады деп сенемін. Бұл алдағы уақытта да Отанымыздың гүлденуі жолында жемісті еңбек етулеріңізге мүмкіндік береді», — деді Роман Скляр.

Еске сала кетейік, ақпанда Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару бойынша ауқымды жұмыс жұйымдастырылған. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінен құралған ведомствоаралық топ тиісті жұмысты қамтамасыз етті.

3-13 наурыз аралығында 66 рейс орындалып, отанға еліміздің 10 275 азаматы қайтарылды. Тасымалдау жұмыстарын Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia авиакомпаниялары Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент бағыттары бойынша жүзеге асырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);