AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы»: тағылымды тележобаның...

«Тәуелсіздіктің 35 жылдығы»: тағылымды тележобаның түсірілімі басталды

Алматы Бүгін 14:36 49
«Тәуелсіздіктің 35 жылдығы»: тағылымды тележобаның түсірілімі басталды
Самат Құсайынов

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» атты арнайы тележоба қолға алынды. Елдің егемендік жолындағы жетістігін дәріптеп, азаттықтың қадірін кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен түсірілім тобы тарихи орындарды аралап, ел тәуелсіздігінің мән-маңызын айшықтайтын тағылымды кездесулер өткізуде.

Тележоба сапарының кезекті аялдамасы – Алматыдағы Тәуелсіздік монументі мен «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші болды. Түсірілім тобы ел тарихындағы маңызды нысанға тағзым етіп, азаттықтың айшықты символы саналатын монумент туралы сыр тарқатты.

Қаланың қақ төрінде орналасқан монумент 1996 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай ашылған. Биіктігі 28 метрлік стелланың ұшар басында қанатты барысты тізгіндеген «Алтын адам» бейнесі бой көтерген. Бұл – елдің еркіндігі, айбарлы рухы мен берік мемлекеттілігін бейнелейтін сәулеттік нышан.

Тележобаның негізгі мақсаты – Тәуелсіздіктің тарихи маңызын насихаттап қана қоймай, оның қадірін жас ұрпақтың санасына сіңіру.

«Тәуелсіздікке 35 жыл» атты жобамызды Шымкент қаласынан бастап, жолға шықтық. Жоба аясында үш мегаполис пен тоғыз облыс орталығын қамтуды жоспарлап отырмыз. Сапарымыз шамамен екі аптаға созылады. Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағынан жолға шықтық. «Түлкібас» станциясында Мұхамеджан Тынышбаев мен Тұрар Рысқұловтың достығына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойдық. Енді Алматыға келіп, Тәуелсіздік монументіне тағзым еттік, – деді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» телерадиокомпаниясының бас директоры Дулат Әбіш.

Оның айтуынша, жоба барысында елдің өткені мен бүгіні, тәуелсіздік жылдарындағы тарихи белестер мен қоғамдық құндылықтар сөз болады. Тележоба «Айғақ» телеарнасы арқылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында көрсетіліп, әлеуметтік желілерде де жарияланады.

– Тәуелсіздікті әр адам әртүрлі түсінеді. Бірі оның қадірін терең сезінсе, енді бірі бұл ұғымның мәніне бойлай бермеуі мүмкін. Сондықтан өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды. Біздің тележобаның негізгі мақсатының бірі де – осы, – деді Дулат Әбіш.

Ал ел тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу ісінде тарихи тұлғалардың тағылымы айрықша орын алады. Тележоба барысында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың есімі де кеңінен дәріптелді.

Мұхамеджан Тынышбаевтың немере жиені, «М.Тынышбаев атындағы» қоғамдық қордың президенті Нұршәкен Жүнісова ел тәуелсіздігінің баянды болуына тілек білдірді.

– Мемлекеттік саясатқа сай еліміз өркендеп, өсе берсін! Еліміздің егемендігі берік болып, көк туымыз желбіреуін тоқтатпасын. Осындай қуанышты күнге жеткенімізге қуаныштымыз, – деді Нұршәкен Жүнісова.

Азаттықтың ақ таңы атқан 1991 жылдан бері Қазақстан талай белесті артқа тастады. Тәуелсіздік жылнамасы – елдің қалыптасу тарихы ғана емес, әр азаматтың тағдырымен сабақтас құндылық. Сондықтан оны дәріптеу, тарихын білу және кейінгі буынға аманаттау – баршаға ортақ міндет.

Ал Алматы төріндегі Тәуелсіздік монументі – осы тарихи жолды еске салатын үнсіз шежіре. Оның биігіндегі «Алтын адам» бейнесі ұлттың өткенін ұлықтап қана қоймай, еркін елдің болашағына деген сенімнің символындай әсер қалдырады.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 ЖАСТАҒЫ ҚАДЫРБЕК ШЫНБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:10

Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді

Бүгін 14:47

Алматыда VI Халықаралық I-CRAFT 2026 конференциясы өтті.

Бүгін 14:15

Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі

Бүгін 14:07

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтеді

Бүгін 14:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);