AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда бедеулікті емдеу тәртібі жеңілдетілді

Қазақстанда бедеулікті емдеу тәртібі жеңілдетілді

Медицина Бүгін 12:25 19
Қазақстанда бедеулікті емдеу тәртібі жеңілдетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, мұндай емді күндізгі стационарда немесе үй жағдайында қабылдауға рұқсат етілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Енді ерлер мен әйелдер бедеулігін, соның ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) әдісі арқылы емдеуді тәулік бойы ауруханада жатпай-ақ алуға болады.

Бұл мүмкіндік қосалқы репродуктивті технологияларды қолданатын пациенттерге де беріледі. Яғни бедеулікті емдеу үшін міндетті түрде ауруханада тәулік бойы жату қажеттілігі жойылады.

Жаңа ереже бойынша медициналық көмек ерлер мен әйелдерге бірдей қолжетімді болады. Емделетін диагноздар қатарына ерлер бедеулігі және әйелдер бедеулігінің барлық түрі енгізілген. Олардың ішінде овуляцияның бұзылуы, жатыр, жатыр түтіктері мен жатыр мойны аурулары, сондай-ақ нақты себебі анықталмаған бедеулік бар.

Бұған дейін мұндай емдеу курсына сегіз жұмыс күні деген шектеу қойылған. Енді ЭКО және басқа да қосалқы репродуктивті технологияларды қолдану ұзақтығын дәрігерлер әр пациенттің емдеу бағдарламасы мен клиникалық хаттамаларға сәйкес белгілейді.

Министрліктің бұйрығы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бедеулік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

Бүгін 12:28

Алматыда дәрігерлер құрсақ қолқасының алып аневризмасы бар пациенттің өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:14

Келесі жылы ауылдардың 92%-ы оптикалық интернетпен қамтылады

Бүгін 12:06

Халықтық құрылыс: Шорнақ ауылында 500 орындық заманауи мәдениет үйі салынып жатыр

Бүгін 11:46

Маусымдық сырқаттанудың өсу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);