Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Биыл жыл соңына дейін жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылған ауылдардың саны 3 704-ке жетеді. Ал 2027 жылы тағы 1 863 ауылға оптикалық желі жеткізіледі. .
Министрдің айтуынша, Қазақстанда барлығы 6 060 ауыл бар. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында биыл жыл соңына қарай олардың 61%-ы оптикалық желімен қамтылады. Келесі жылы бұл көрсеткішті 92%-ға жеткізу көзделген.
Ал желі тарту қиын шалғайдағы қалған 8% ауыл спутниктік интернетке қосылады.
«Қай жерде тұрса да, әр азамат цифрлық мүмкіндіктерді бірдей пайдалана алуы керек. Мақсатымыз – цифрлық теңсіздікті жою», – деді Жаслан Мәдиев.
Министр «Қазақтелеком» компаниясы жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауы керектігін атап өтті.