AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған симпозиум өтт...

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған симпозиум өтті

Тәуелсіздік-30 27.08.2021, 14:24 1,741
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған симпозиум өтті
Сурет: Aikyn.kz

Халықаралық симпозиум онлайн режимде болды.


Іс-шараны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.


2021 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Конституция күніне арналған «Интернет дәуірі: Құқық үстемдігі, Адам құндылықтары, Мемлекеттік Тәуелсіздік» атты тақырыпта халықаралық симпозиум онлайн режимде өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Айқын» басылымына сілтеме жасап.


Халықаралық симпозиумды Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми ашып, кез келген мемлекетте тәуелсіздіктің бүкілхалықтық құндылық екенін атап өтті.


Республиканың қолданыстағы Конституциясы Тәуелсіздік контурын түпкілікті ресімдеді және барлық салалардың жедел дамуы үшін қолайлы жағдай жасады.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың құттықтауы іс-шараға ерекше мән берді. Онда атап көрсетілгендей, мемлекеттің дамуы Конституция негізінде, оның әрпі мен рухына толық сәйкес жалғасып келеді. Қазіргі заманғы мемлекет пен азаматтық қоғам жолындағы барлық ірі жетістіктер халықтың ерік-жігерімен қабылданған Ата Заңға негізделген.


Мемлекет басшысы симпозиум тақырыбының өзектілігін атап өтіп, цифрлық дамудың ауқымы мен жылдамдығы халықаралық қоғамдастықтың алдына адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, оның заңды мүдделерін қорғау, цифрлық теңсіздікті жою, қоғам мен мемлекеттің цифрлық тәуелсіздігін сақтау сияқты маңызды міндеттер қойып отырғанына назар аударды.


Форумның қонақтары қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, симпозиумды табысты өткізгені және Азиялық қауымдастыққа ойдағыдай төрағалық еткені үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне шынайы ризашылықтарын білдірді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#симпозиум #Конституция #Тәуелсіздік #30 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);