Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / Тәуелсіздік – зор бақыт

Тәуелсіздік – зор бақыт

Карикатура сөйлесін! 16.12.2021, 06:01 1,741
Тәуелсіздік – зор бақыт
Сурет: Іa-centr.ru

Бақыт деген – тәуелсіз болу. Мың да бір тәубе!


Осыдан тура 30 жыл бұрын азаттықтың ақ таңы арайлап атты. Тас бұғаудан босады. Дәл осы күні сол кездегі елдің орталығы Алматыда хабарланды. Күллі Алаш жұрты бөрігін аспанға атты. Қуанды, шаттанды. Барша әлем бірінен соң бірі танып жатты. Осылайша тарихтың жаңа парағы ашылды.


Бабалар аманаты! Дүниеде адамзат үшін ең қастерлі ұғым – тәуелсіздік. Біздердің ата-бабаларымыз ат тұяғымен Тұран даланы, төрткүл дүниені дүбірлетті. Билік құрды. Сонау ерте замандардың өзінде Сақ, Ғұн, Түркі, Қараханид, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда Азия мен Еуропа арасындағы атырапты билеп-төстеп тұрды. Соның ішінде, түркі жұртынан шығып, Орта Азия түбегін, Қара теңіз жағалауын, Византия, Шығыс Еуропаны уысында ұстаған Осман империясы да түбі бір түркіден тарайтын еді. Олар дүниеде 600 жыл билік етті.


Сонымен қатар, мәмлүктерді неге мақтанышпен айтпасқа? Есімі араб түбегі, қала берді күллі әлемге әйгілі баһадүр қолбасшы Сұлтан Бейбарысты айтқанда, көкірекке айрықша дара сезім орнайды. Крест, моңғол жорықтарының бетін қайтарды. Мешіт, медресе мәдени құрылыстарды көптеп салдырды. 17 жыл патшалық құрды. Ел арасындағы аңыз бойынша, Бейбарыс сұлтандығын тастап, бабалары туып өскен Дешті-Қыпшақ даласына қайта оралған деседі. Осыдан кейін «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейтін нақыл сөз қалған екен.


Шыңғысхан жарты әлемді жаулады. Атағы алысты шарлады. Оның ұрпақтары, Батый мен Бату хандар Еуропаға оқтын-оқтын жорық жасады. Біздің түп аталарымыз Алтын Орда мемлекетін құрды. Орталығы Жайықтың жағасындағы Сарайшық шаһары болды.


Айбыны асқақ Ақсақ Темір найзағай жалын, от боп ойнады. Қаһарынан қарсыласы қаймықты, қарсы келе алмады. Әмір Темірдің ұрпақтары текті, зиялы болып туылды. Бабыр шаһ Үндістанға шабуылдады. Ал оның немерелері сол мекенде мызғымас патшалық орнатып тұрды.


Қазақ жері - барша түркі халықтарының ортақ мекені. Ата жұрты саналады. Оған куә «Таңбалы Нұра», «Әзірет Сұлтан кесенесі», даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер, балбалдар болып саналады.


Ақорда мен Қазақ хандығы - егіз ұғым. Батыр бабалар Алтайдан Атырауға, Ертістен Сырдарияға дейінгі аумақты қасық қаны қалғанша қорғады. Аманат етіп, шашпай-төкпей бүгінгі ұрпаққа қалдырды.


Күрес. Тәуелсіздік жолында Кенесарының жасаған көзсіз ерлігін ешбір нәрсемен алмастыра алмаймыз. Бұл бір роман, бұл бір аңыз. Оның түбегейлі ашылуын келешектің еншісіне арттық.


Тар жол, тайғақ кешу. Патша өкіметі, кеңес заманында да өр рухты сындыра алмады. Арғы жағындағы тағдырлы тарихи оқиғалар бәріне аян. Соның негізгісі - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Осыдан тура 35 жыл бұрын жастар алаңда азаттықтың ақ таңы үшін күресті. Жаны мен қанын қатар төкті. Талай боздақ, жас өрен қыршын кетті. Көптің обалына қалды. Міне, содан болар, ақыр соңында алып кемедей совет заманы айсбергкке соғылды. Тұңғиық мұхит түбіне батты.


Қазақ халқы 1991 жылы өзінің аңсап күткен киелі Тәуелсіздігіне қол жеткізді. Талай тарихтың беті ашылды. Егемен болып, еңсесін тіктеді. Жаһан жұрты бейбітсүйгіш ел ретінде танып келеді.


Түйін. Бұл дүниедегі басты арман, ұлы идея – Тәуелсіздік. Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Ахмет Байтұрсынов және Мұстафа Шоқай, т.б қайраткерлеріміз осы жолда барын салды. Бар білімі мен біліктілігін, ақыр соңында жанын берді.


Тәуелсіздік ұрпақтарының міндеті - ата-баба, алаштықтар, желтоқсаншылар аманатына адал болу. Қастерлі елдің бағдарын түзу ұстап, дүние тұрғанға шейін, баянды ету деп білеміз.


Ұлық мейрам құтты болсын. Қазақ мемлекеттілігі мәңгі болсын!!!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #тұғыр #Айбын #Мақтаныш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика