Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тәуелсіздігімізді нығайтуға қалтқысыз қызмет ету –...

Тәуелсіздігімізді нығайтуға қалтқысыз қызмет ету – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз – Үкімет басшысы

Билік 25.10.2022, 06:40 1,227
Тәуелсіздігімізді нығайтуға қалтқысыз қызмет ету – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз – Үкімет басшысы
Сурет: Inform.kz

Мемлекетіміздің мәртебесі биіктеп, рухы асқақтай берсін. Қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.







«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Тәуелсіз еліміз өзінің төл тарихында биыл тұңғыш рет 25 қазанды ұлттық мейрам ретінде атап өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау айтулы күннің бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы тарихи тағлымын алға тартып, еліміздің ең басты мерекесі Егемендік күніне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады.


Егемендік декларациясы халқымыздың азаттық жолындағы мәңгілік мұратын ақиқатқа айналдырған қастерлі құжат, тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамының айшықты символы болып қала бермек. Ел жадында қайта жаңғырған мерейлі мереке мемлекеттігіміздің жаңа дәуірінің бастауына, мызғымас бірлігіміздің берік тұғырына айналғай.


Біз – егемендік пен елдік, бейбітшілік пен келісім сияқты қасиетті құндылықтарды әрқашан ұлықтай білген халықпыз. Сондықтан тәуелсіздігімізді нығайтуға қалтқысыз қызмет ету – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.


Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.


Мемлекетіміздің мәртебесі биіктеп, рухы асқақтай берсін!» - делінген Ә.Смайыловтың құттықтауында.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьер-министр #Әлихан Смайылов #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика