AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Тау тұлғалы азамат

Тау тұлғалы азамат

Спорт 13.02.2023, 09:31 1,860 Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ
Тау тұлғалы азамат
almaty-akshamy.kz

"Жақсы адам - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы" деген екен дана халқымыз. Қазақ спортының дамуына зор үлесін қосқан тау тұлғалы азаматтар көп екенін білеміз. Солардың ішінде басшылық қызметте жүріп, қолынан келген жақсылығын қазақ спортының өркендеуіне, кешенді ғираттардың бой көтеруіне сүбелі үлесін қосқан ірі тұлғаның бірі Каркен Ахметов деп айтар едік.


Ол кісінің тікелей басшылығымен Алматыда Орталық стадион, Медеу мұз айдыны мен қоса көптеген спорт ғимраттары салынғанын біреу білсе, біреу білмес. Сонымен қатар, Каркен Ахметұлы тұсында қазақстандық спортшылар спорттың әр түрінен көптеген ірі халықарылық жарыстарда бәйгелі болып, Қазақстаннның атын әлемге танымал етті.




Бүгінде Алматыдағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі кеңпейілді кемел басшы, білгір маман, ардақты тұлға, қоғам қайраткері Кәркен Ахметұлы Ахметовтың атымен аталады. Бұл мектептен аты әлемге танылған спортшылардың қатары қалың. Соладың бірі әрі бірегейі - Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметовті айтса, жетіп жатыр. Айтулы мектеп-интернат колледждің қабырғасында әйгілі тұлғаны еске алуға арналып ұйымдастырылған додалы жарыстың мақсаты да сол жас ұрпаққа алтынның сынығы Кәркен Ахметовтің кім болғанын еске ала отырып, жас буынның спортқа елге деген көзқарасын жақсарта түсу болған екен. 



Жуырда дзюдо академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ спортының жанашыры Кәркен Ахметовті еске алуға арналған кадеттер арасында республикалық турнир болып өтті. Бұл жарысты өткізуге  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мұрындық болды. Турнирге құрметті қонақ ретінде Кәркен Ахметовтің тұған ұлы Нұрлан Кәркенұлы және дзюдо күресінен көптеген спорт саңлақтарын баптаған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары – Жексенбай Саламатов, Сейдолла Калиев, Дүйсен Аязбеков және Төлеген Сұлтановтар келіп қатысты.


Жарысқа «Шаңырақ» шағынауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мен оннан астам спорт клубынан келген 100-ден аса татами шеберлері 9 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Кәркен Ахметов атындағы спорт мектебінің жас спортшылары бұл жарыста  жоғары нәтиже көрсетті. Сын алаңында өнер көрсеткен 6 салмақта алаң иелері  6 алтын, 1 күміс 3 қола медальді жеңіп алды .



Сонымен алтын алқаларды Ғабит Расулхан (46 кг), Нұрасыл Пан (50 кг) алды.


I орынды Алтынбек Конысбай (55 кг), Мұхаметәлі Жылқайдыр (60 кг), Диас Ихсанов (66 кг), Батырхан Тоқтарлар (+73) жеңіп алса, жалғыз күмісті 55 кг салмақта Айдын Шүкірбек иеленді. Ал жүлделі қола медальдар  Марханбет Жанарыс (42 кг), Құрбан Оразақынов (60 кг),  Нұрдос Досбергеннің (60 кг) еншісіне тиді.


Жарыс соңында қадірлі қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Осындай жарыстар дарынды балуандардың шыңдалып өсуіне зор ықпал берері сөзсіз. Алдағы уақытта бұл турнир халықаралық деңгейге көтеріліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика