18 қазан - Дүниежүзілік конфет күні
Тәтті десе, басқа астың барын ысырып қоятын жандар қатарынан болсаңыз, мерекелеріңіз құтты болсын! Бұл күні тәттіге бейжай қарай алмайтын жандардың мерекесі аталып өтеді екен. Дүниежүзілік конфет күні сүйікті конфетін жеу рахатынан бас тарта алмайтын, сонымен бірге, осы өнімдерді дайындау барысына қатысы бар адамдарды біріктірген.
Біреулер үшін конфет сүйікті тәттісі болуы мүмкін. Конфеттің де түр-түрі бар, карамель, шоколад, мұз кәмпиттер, иристер, т.б. деп дәміне қарай кете береді. Ал енді бір кісілер тәттіден мүлде бас тартып, оның денсаулыққа келтірер зиянын алға тартады. Дегенмен, конфеттен бас тартатын балалар жоқ шығар.
Конфеттер Ежелгі Мысыр дәуірінде пайда болған деген пікір бар. Ол кезде бұл тәтті жаңғақ, бал және інжірден дайындалыпты.
Конфетті қант қосып әзірлеу алғаш рет арабтардан шыққан. Олардың әзірлеген тәттілері осы күні де шығыс тәттілері деп жақсы таныс.
Атап өтетін жайт, адамдар тәттінің көңіл-күйді көтеріп, сергектік сыйлайтынын бұрыннан байқаған. Соның себебінен, шоколад конфеттер бір кездері дәріханаларда сатылатын болған. "Әзірленген, дайындалған" дегеннің тура мағынасы латын тілінен аударғада "конфет" дегенді білдіреді. Дәріхана сатушылары конфетті жөтел мен жүйке жүйесінің бұзылуына қарсы құрал ретінде сатқан. Бүгінгінің зерттеушілер де шоколад жегенде бақыт гармоны бөлінеді деген тұжырым айтады. Осылайша, дәріханашылар енгізген "Конфет" термині кейін келе кондитерлік өнімдердің бір түрін білдіретін болды.
Өткен ғасырда конфет жасау ісі оны жаппай өндіруге әкелді. Бір жағынан, бұл тәттіге деген қолжетімділік және оның бағасына қатысты мәселелерді шешті. Алайда сонымен бірге табиғи өнім жасаудың шығармашылық барысы да жоғала бастады. Осы күні конфет өндірісінде химиялық қоспалар қолданылады, ол қанттың көп болуы мен жоғары калориялы болғаннан денсаулыққа зияны да орасан. Осы күні тәтті өнімдерден, оның ішінде конфет түрлерінен жаңылуға болады. Олардың түрінің көптігі сондай, тәттіқұмар жандар қатары да көбейе түскен. Конфет өнімдері дамыған сайын, одан келетін зиянның салдарынан ауру да соған сәйкес жасарып, көбейіп кеткен.
Осы күні кондитерлер, өндіруші компаниялар, тауар белгілерінің иелері дүниежүзілік конфет күнінен арналған жыл сайынғы шаралардан тыс қалмауға тырысады.
Конфет мерекесіне орай, қолдан конфет әзірлеу бойынша фестивальдер, карнавалдар, көрмелер, шеберлік сағаттары өтеді.