AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Тartyl Fest: Финалистер Қазақстан құрамасы атынан...

Тartyl Fest: Финалистер Қазақстан құрамасы атынан әлем чемпионатына барады

Спорт 15.02.2023, 03:50 1,185 Almaty-akshamy
Тartyl Fest: Финалистер Қазақстан құрамасы атынан әлем чемпионатына барады
Сурет: Ашық дереккөз

«Tartyl Fest» республикалық турнирінің финалистері Қазақстан құрамасы атынан әлем чемпионатына барады


Бұл туралы «Хабар» телеарнасындағы «Оян!» бағдарламасына қатысқан жоба ұйымдастырушыларының бірі Айтым Жақыпов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қазақстан - осы спорт түрін белсенді дамытып келе жатқан әлемдегі алдыңғы қатарлы ел. Өйткені, Қазақстан «street workout» бағытына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетеді. Ал бұл - көше спорты. Бүгінгі таңда әрбір аулада «workout» бойынша мамандандырылған алаңдар бар. Сонымен қатар, үлкен масштабтағы Тartyl Fest фестивалі әлемде бірінші рет бізде өтіп жатыр. Ең бастысы, Тartyl Fest финалистері бізбен бірге Қазақстан командасының атынан әлем чемпионатына барады», - деді Айтым Жақыпов.



Айта кетейік, алдағы сенбі күні елордада «Tartyl Fest» турнирінің гранд-финалы өтеді. Оған 170-ке жуық адам қатысады деп жоспарлануда.



«Биылғы 18 ақпанда Астана қаласында «Tartyl Fest» спорттық жобасының гранд-финалы өтеді. Оған қатысу үшін іріктелген 180 адамның 170-і келе жатыр. Сондықтан гранд-финал тартысты болады деп ойлаймыз», - деп бөлісті «Dara» дарындыларды қолдау қорының директоры Еркін Ташев.



Оның айтуынша, Tartyl Fest - ТМД деңгейінде өтіп жатқан бірегей спорттық жоба.



«Tartyl Fest – ТМД және оның аумағынан тыс деңгейде өтіп жатқан спорттық жобалардың бірі. Оның авторы - Нұрлан Қоянбаев мырза. Ол кісі бұған дейін берген сұхбаттарында осындай жобаны қолға алатынын айтып жүрген болатын. Содан бізді қолдайтындар табылып, қор ашылып, осы жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұл спорттық сайыс көпшілікке ұнады. Өйткені, бұл - өте қолжетімді спорт түрі. Бұған арнайы дайындықтың керегі жоқ. Тек спорттық киімің болса болғаны. Қазір кез келген аулада турниктер бар», - деп тоқталды Еркін Ташев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тartyl Fest #чемпионат #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);