конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәртіпсіздік кезінде көлігі өртенген алматылықтард...

Тәртіпсіздік кезінде көлігі өртенген алматылықтардың шығыны өтелуі мүмкін

Әлеумет 20.01.2022, 08:22 1,129
Тәртіпсіздік кезінде көлігі өртенген алматылықтардың шығыны өтелуі мүмкін
Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде көлігі бүлінгенін дәлелдеген жүргізушілерге келген шығынды өтеу мәселесі қарастырылып жатыр


Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында журналистер әкімдік өкілдеріне қаладағы тәртіпсіздік кезінде бүлінген көлік пен пәтер иелеріне мемлекет шығынды өтей ме деген сұрақ қойды. Әкім орынбасары Ілияс Өсеров зардап шеккен кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға өтемақы төлеу әлі басталмағанын жеткізді. Себебі, өтемақы төлеу ережелері жақында ғана әзірленді. Бұл ережелерді үкіметтік комиссия әкімдікке жеткізген кезде тұрғындар назарына ұсынылады.



«Тұрғындардың тікелей жеке мүлкіне келетін болсақ, бұл мәселелерді де пысықтаймыз. Көп жеке автокөлік зардап шеккені түсінікті, жай зақымданғаны, өртеніп кеткендері бар. Бұл мәселені де қарастырып жатырмыз, зардап шеккен халық мүмкін полицияға арыз беруі керек шығар. Егер олардың көлігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінгені расталса, оны өтеу мәселесін қарастырамыз. Оның ішінде жеке тұлғаларға да»,- деді әкім орынбасары Ілияс Өсеров.



Еске салайық, Алматыда өртенген және оқ тиген 140 көлік айып тұрағына қойылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бүлінген көліктер #алматылықтар #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Кеше 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Кеше 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);