AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тарихта алғаш рет қазақстандық ЖИ стартаптың нарық...

Тарихта алғаш рет қазақстандық ЖИ стартаптың нарықтағы құны $1 млрд-тан асты

Мұны білген жөн 29.09.2025, 12:39 600 Сұлу
Тарихта алғаш рет қазақстандық ЖИ стартаптың нарықтағы құны $1 млрд-тан асты
depositphotos.com

Higgsfield AI  нарықтағы құны $1 миллиардтан асқан алғашқы қазақстандық стартап атанды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Todayinfo мәліметінше, жобаның тең құрылтайшысы әрі бұрынғы Snap Inc компаниясындағы генератив жасанды интеллект бөлімінің басшысы Алекс Машрабов Назарбаев университетінде өткен шарада ресми мәлімдеме жасады.

Higgsfield AI - Қазақстаннан шыққан жаһандық жетістік

Higgsfield AI стартапы кейінгі екі жыл ішінде жоғары өсім көрсетіп, әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан технологиялық жобалардың біріне айналды. Жобаның негізін қалаушылар - ЖИ-зерттеуші Ерзат Дулат пен Алекс Машрабов. Стартап әлемнің түкпір-түкпірінен - АҚШ, Қытай, Жапония сияқты алпауыт нарықтардан - миллиондаған белсенді қолданушыларды жинап, жаһандық аудиторияны өзіне қаратты.

Компанияның басты бағыты - генератив жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жаңа өнімдер мен шешімдер жасау. Бұл стартаптың ерекше әрі тартымды болуының басты себебі - визуал контентті автомат түрде жасайтын, пайдаланушының креативін арттыратын құралдар жүйесі.

$50 млн табыс және венчурлік қолдау

Алекс Машрабовтың айтуынша, Higgsfield AI компаниясы жылдық түсім бойынша $50 миллион межесінен асып, ресми түрде «жалғызмүйіз» мәртебесін иеленді. Бұл жетістікке 15 жыл бойы ешбір қазақстандық компания жете алмаған болатын.

Компанияға Anthropic, OpenAI сияқты жобаларға қаржы салған Menlo Ventures сынды беделді венчурлік қорлар инвестиция құйған. Сонымен қатар, әйгілі бизнес-ангелдер де Higgsfield AI-дың әлеуетіне сенім артып, $16 миллион көлемінде бастапқы инвестиция жасаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Higgsfield AI #Жасанды интеллект #стартап #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);