AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тарихи шындықтан қорықпайтын отаншылдық

Тарихи шындықтан қорықпайтын отаншылдық

Мұны білген жөн Бүгін 16:39 40
Тарихи шындықтан қорықпайтын отаншылдық

Бүгінгі компенсаторлық отаншылдықтан жасампаз отаншылдыққа көшуі керек.

Республикалық Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «тексерілмеген тарихи деректер мен оқиғалар сипатталатын, балаларға жалған «қаһармандар» мен олардың «ерлігі» жөнінде әңгімелейтін аңыздар» негізінде отаншыл оқушы тәрбиелеу, оқыту мәселесіне қатысты өзекті сұрақты көтерді. Мифке сүйенген отаншылдық тұрақты емес. Кейін тарихи шындықпен бетпе-бет келген жастар тек оқулыққа ғана емес, мектепке, мемлекеттік институттар мен ұлттық тарихи нарративтерге сенімін жоғалтады.

Бүгінгі компенсаторлық отаншылдықтан жасампаз отаншылдыққа көшуі керек.

Компенсаторлық отаншылдық бүгінгі күнге, болашаққа деген сенімсіздікті өткенді идеалдандыру арқылы толтыруға тырысудан пайда болады. Тарих ұлы жеңістердің, кіршіксіз батырлар мен хан-сұлтандар мен ұлттық үстемдіктің топтамасына айналады. Тарихи қарама-қайшылықтар мен келеңсіздіктер елеусіз қалып немесе ол сыртқы күштердің салдары арқылы түсіндірілетін болады. Нәтижесінде ақпаратты сыни тұрғысынан қарастыруға кедергі келтіретін эмоциялық «құрыққа» түсу қаупі жоғарылайды.

Компенсаторлық сана тағы бір түрі тарихты виктимизациялау- яғни халықты сыртқы ықпалдардың құрбаны ретінде қарастыру. Репрессия, аштық, отаршылдық және басқа да трагедиялар дәйекті оқудан гөрі ұжымдық бірегейліктің негізіне айналып кетеді. Оқушы тарихты жарақаттар арқылы түсініп, сол кезеңдегі адамдардың әрекеттері, қабылдаған шешімдері, қарсыласуы, келісімі, мәдениетті сақтауы мен мемлекеттік институттардың құрылуын көрмей қалуы мүмкін.

«Ұдайы жаппа шеккен ұлт» бейнесінен бас тарту тарихтың қайғылы беттерін жылы жауып қоюды білдірмейді. Тарихи жарақаттарды айтпау да өткенді ол оның  жалғыз шынайы көрінісі деп көрсету сияқты қауіпті. Кемел тарихи сана қайғыны ұмытпай сонымен қатар қоғамның жауапкершілігі мен жасампаз субъектілігін көруге мүмкіндік береді.

Жасампаз отаншылдық тарихи шындық, ұлттық абырой мен азаматтық жауапкершілік арқасында құрылады. Ол «Біз енді есемізді қайтарамыз» деуді де талап етпейді. Мұндай отаншылдық жас тұлғаға ата-бабасының жетістіктеріне масатанып қана қоймай елдің бүгіні мен ертеңіне деген жеке жауапкершілігін түйсінуге де көмектеседі. Оның ең басты сұрағы «Бабаларымыздың қандай ұлы ерліктері бар?» ғана емес «Тарихқа сүйене отыра біз болашаққа қандай сабақ аламыз?» болады.

Тарих сабағында оқушы дайын нарративтерді есіне сақтап қана отырмай тарихи деректерді сәйкестендіріп, фактілер мен интерпретацияларды ажыратып, айтылмаған жайттарды аңғарып және аргументтерді тексере алуы тиіс. Тарихтың көпқырлылығы өткеннің барлық нұсқасы дұрыс дегенді білдірмейді. Ол «әркімнің өз шындығы бар» қағидасынан гөрі дереккөздер мен ғылыми критерийлерге сүйенуі тиіс.

Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі ерекше. Ол жалғыз «тарихи шындықтың» таратушысы болып қалмауы тиіс. Оның міндеті- оқушы сұрақ қоя алатын, себеп-салдар байланысын көре алатындай, дәйекті негіздеме жасай алатын зерттеу ортасын ұйымдастыру. Ол үшін педагогтерге сапалы дереккөздер, әдістемелік қолдаумен қамтамасыз етіп, мұғалімнің кәсіби тарихи ойлауын дамытатын жүйелі дайындық қажет.

Қазақстан тарихының академиялық жеті томдығының жазылуы ұлттық тарихи білімді жүйелеудің айтарлықтай жетістігі. Дегенмен, бұл іргелі жұмыс  мазмұны тек арнаулы мамандарға ғана түсінікті болып қала беретін болса тарихи ағартушылық мәселесін толықтай жоя алмайды. Академиялық тарих мазмұны бұқаралық тарих (public history) аясында жалғасуы тиіс.

Мәселе өткенді қарапайымдау немесе ғылымилықты мифтермен алмастыру емес, зерттеу нәтижелерін қоғам мүшелеріне түсінікті зияткерлік тілге «аудару». Мұғалім мен қоғам мүшелеріне арналған қолжетімді кітаптар, цифрлы платформалар, деректі фильмдер, подкасттар, мұражай жобалары және сапалы материалдар қажет. Қоғамға түсінікті академиялық тарих қажет, ол мазмұны дәйекті, нысаны бойынша айқын және сенімді болуы керек. Бұл жалған тарих пен манипуляцияға жол бермей тарих ғылымы мен мектеп, қоғамдық жад арасындағы арақашықтықты азайтар еді.

Оқулықтарды қайта қарастыру бір тұлғаларды екіншісіне механикалық түрде алмастыру немесе қолайсыз эпизодтарды алып тастау емес. Ол үшін ғылыми дәйектілік, қорытындылардың дәлелденуі, жас ерекшеліктерін ескеру, тарихи фактілерді, интерпретациялар мен ұжымдық жадты ажырату сияқты нақты критерийлер қажет.

Тарихи білімнің басты нәтижесі «дұрыс  тарихты» айтып беруші оқушы емес шындық пен манипуляцияны ажырата алатын, ата-бабаның тарихи жолын таныған және өз елінің болашағына жауапты жас азамат қалыптастыру.

Мақсат Тұрсынханұлы Құдагелдин,

Phd., NIS IB  Астана мектебінің тарих мұғалімі-сарапшы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қарағандыда шахтерлер күніне концерт берді

Бүгін 17:00

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін 16:50

Almaty Summer Fest фестивалін 250 мыңнан астам көрермен тамашалады

Бүгін 16:42

Алматыда Ататүріктің қарындасы туралы қазақ тіліндегі романның тұсаукесері өтеді

Бүгін 16:33

Сарапшы басқа елдерде төмен шығарындылар аймағын енгізудің қандай нәтиже бергенін айтты

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);