AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Сарапшы басқа елдерде төмен шығарындылар аймағын е...

Сарапшы басқа елдерде төмен шығарындылар аймағын енгізудің қандай нәтиже бергенін айтты

Алматы Бүгін 15:41 39
Сарапшы басқа елдерде төмен шығарындылар аймағын енгізудің қандай нәтиже бергенін айтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық тәжірибе төмен шығарындылар аймақтары ауаның сапасына ғана емес, тұрғындардың көлік пайдалану әдетіне де әсер ететінін көрсетеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Almaty Air Initiative ұйымының жетекшісі Жұлдыз Сәулебекова мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы 20 жылда Алматыдағы автокөліктер саны үш есеге жуық артса, соңғы 10 жылда қала халқы шамамен 600 мың адамға көбейген. Бұл көлік инфрақұрылымына түсетін жүктемені айтарлықтай арттырды.

«Көліктің зиянды шығарындысы адамдардан алыс жерде емес, дәл қасымызда тарайды. Жол бойында, үйдің, мектептің маңында, яғни күнделікті тыныстап жүрген ауамызға тікелей әсер етеді», – деді Жұлдыз Сәулебекова.

Ол бүгінде төмен шығарындылар аймақтары Еуропаның 300-ден астам қаласында енгізілгенін, сондай-ақ Қытайда да осыған ұқсас тәсілдер қолданылатынын атап өтті.

Сарапшының айтуынша, халықаралық тәжірибеде төмен шығарындылар аймақтарын енгізудің бірнеше негізгі нәтижесі байқалады. Мадридте Madrid Central жобасы іске қосылғаннан кейін алғашқы жылдың өзінде қала орталығындағы азот диоксидінің (NO₂) концентрациясы шамамен 30%-ға төмендеген. Лондонда ULEZ аймағы енгізіліп, кеңейтілгеннен кейін жол бойындағы NO₂ деңгейі бұл шара болмаған жағдайдағы болжамды көрсеткіштен шамамен 40%-ға төмендеген, ал PM2.5 деңгейі шамамен 30%-ға азайған.

Жұлдыз Сәулебекова тұрғындардың көлік пайдалану әдетінің өзгеруіне де жеке тоқталды. Миланда экологиялық аймақты ақылы кіру жүйесімен үйлестіру нәтижесінде қала орталығындағы көлік саны шамамен 30%-ға қысқарған. Брэдфордта 2022-2024 жылдар аралығында таксилердің 87%-ы жаңа экологиялық стандарттарға көшіп, 370 автобус жаңғыртылып, 33 электробус сатып алынған.

Тағы бір мысал – София қаласы. Төмен шығарындылар аймағы енгізілгенге дейін болашақ аймақ аумағында күн сайын экологиялық класы төмен шамамен 20 мың автокөлік жүретін. Екі жыл ішінде олардың саны шамамен 90%-ға азайған.

«Халықаралық тәжірибе болашақтағы талаптар алдын ала түсінікті болған жағдайда, шектеулер толық енгізілгенге дейін-ақ адамдардың мінез-құлқы өзгере бастайтынын көрсетеді. Бұл ретте, шектеулер қоғамдық көлікті дамыту және тұрғындарға қолжетімді басқа да баламаларды ұсыну шараларымен міндетті түрде қатар жүруі керек», – деді ол.

Сарапшы Алматыда төмен шығарындылар аймақтарының тиімді жұмыс істеуі үшін талаптарды кезең-кезеңімен енгізу, қоғамдық көлікті дамыту, автопаркті жаңартуға экономикалық ынталандыру және тұрғындармен түсінікті коммуникация жүргізу сынды төрт негізгі шартты атады.

Экономикалық қолдауға мысал ретінде ол Қытай тәжірибесін келтірді. Онда шектеу шаралары көліктерді кәдеге жарату бағдарламаларымен, өтемақылармен және жеңілдіктермен қатар жүргізілген. Софияда да осындай тәсіл жылу жүйесі саласында қолданылып, 11 мың үй шаруашылығындағы шамамен 20 мың жылыту құрылғысы тегін ауыстырылған.

Жұлдыз Сәулебекованың айтуынша, ақпараттық жұмыс та маңызды. Ұйым Eco Almaty-мен бірлесіп, төмен шығарындылар аймақтары бойынша ақпараттық науқанды бастап кетті. Оның аясында ауаның ластануының адам денсаулығына әсеріне арналған «Көрінбейтін апаттар» атты бейнероликтер топтамасы әзірленді.

«Табысты төмен шығарындылар аймағы жай ғана шектеу емес. Бұл талаптарды кезең-кезеңімен енгізу, дамыған қоғамдық көлік, экономикалық қолдау және тұрғындарға түсінікті ережелер», – деп сөзін қорытындылады сарапшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ататүріктің қарындасы туралы қазақ тіліндегі романның тұсаукесері өтеді

Бүгін 16:33

Сарапшы Алматыда автокөліктердің нақты шығарындыларына неге басымдық берілетінін түсіндірді

Бүгін 15:25

Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу тәртібі түсіндірілді

Бүгін 15:18

Алматы әкімдігінде төмен шығарындылар аймағын (LEZ) енгізу барысы туралы айтылды

Бүгін 15:16

Алматыда 1 қыркүйектен бастап автокөлік шығарындыларын жеке тексеру енгізіледі

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);