Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Тарифтердің қымбаттауы жылдық инфляцияға қалай әсе...

Тарифтердің қымбаттауы жылдық инфляцияға қалай әсерін берді?

Қаржы 31.12.2021, 06:02 1,504
Тарифтердің қымбаттауы жылдық инфляцияға қалай әсерін берді?
Сурет: Dolgiplus.ru

Реттелетін қызметтерге белгіленетін тарифтер неліктен шарықтап кетті және олардың өсуі жылдық инфляцияға қалай әсер етті?


ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


«Тұтыну бағасының индексін қалыптастыру кезінде реттелетін коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау және су тарту жүйесі, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау) айтарлықтай елеулі рөл атқарады. 2021 жылы тұтыну себеті құрылымындағы олардың үлесі 6% болды.


Тиісінше, тариф динамикасы инфляцияға тікелей әсер етеді, яғни, жанама түрде – өндірілген тауарлар мен қызметтер құнының өсуі арқылы ықпал етеді. 2018-2019 жылдары Қазақстанда сол уақытқа дейін ұзақ мерзімді тарифтік жоспарларға енгізілмеген коммуналдық қызметтердің тарифі едәуір төмендетілген болатын. Бұл жалпы инфляцияға деинфляциялық тұрғыда әсер еткен қызметтерге бағаның тарихи аздап өсуіне мүмкіндік берді. Алайда реттелетін қызметтер бағасының бір сәттік төмендеуі және оларды төмен деңгейде сақтау – кейінге қалдырылған инфляция қаупін тудыруға, яғни, орта мерзімді перспективада тарифтердің жиі әрі оқыстан өсуіне жол береді. Қазіргі таңда біз тариф белгілеуде теңгерімсіз саясаттың салдарын сезініп отырмыз. Тұрақты инфляция мен қолайлы экономикалық конъюнктура кезінде реттелетін қызметтердің тарифін әкімшілендіре төмендетудің арқасында табиғи монополистердің кірісі төмендеді.


Бұның ізін ала реттеуші мемлекеттік органдар шекті тарифтерді арттыруға мәжбүр болды. Биыл қараша айында тарифтер жылдық есепте 3,1%-ға өсті, ең көп өскені – электр қуаты тарифі (8,6%) мен газ тарифі (5,5%)» деп атап өтті Денис Чернявский.


Оның сөзіне қарағанда, ш екті тарифтердің бір мезетте айтарлықтай қымбаттауы оның алдында алынбай қалған кірісті есептегенде, экономикада айтарлықтай инфляциялық қысым жасап, құбылмалы инфляцияны арттырады. Солай бола тұра, коронадағдарыс, соның ішінде, жаһандық инфляция мен теңгегің әлсіреуі салдарынан жағдай одан сайын қиындай түседі.



«Өз кезегінде тарифтердің өсімін кейінге шегеру ішінара инфляцияны шекті бекітілген дәлізге сай тұрақты инфляция қалыптастыруға кедергі жасап, Ұлттық Банк жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бұл маңызды мәселе 2030 жылға дейінгі Ақша-кредит саясатының стратегиясы аясында қозғалған. Ұлттық Банк негізгі қаражатты жаңартып, бағалардың бір мезетте қымбаттауынан болатын жағымсыз салдарды барынша азайту үшін табиғи монополиялардың тарифіне шекті жылдық өсім орнату жөн болады деп санайды. Қызметтердің бағасы баяу әрі болжамға сәйкес өссе, ол инфляциялық болжамдарды азайтып, жалпы, инфляция деңгейін кідіртуге мүмкіндік береді», -  деп түйіндеді спикер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тариф #қымбаттау #инфляция #динамика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Радикалды діни ағымдардың ықпалына қалай түспеуге болады?

Бүгін 16:55

Алматы жастары дінді цифрлық кеңістікте меңгеріп жатыр

Бүгін 16:43

Оманнан Қазақстанға 500-ден астам азамат қайтып келді

Бүгін 16:33

Алматыда шығарындылар деңгейіне 192 автобус тексерілді

Бүгін 16:28

Доллар бағасы 1,31 теңгеге өсті

Бүгін 15:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі