AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Таразда оқушы әкесінен алимент өндіріп алды

Таразда оқушы әкесінен алимент өндіріп алды

Заң мен тəртіп 01.04.2026, 10:09 676
Таразда оқушы әкесінен алимент өндіріп алды
depositphotos.com

Таразда жекеменшік мектепте оқитын 11 сынып оқушысы сот арқылы жылдар бойы өзімен араласпаған және материалдық қолдау көрсетпеген әкесінен алимент өндіріп алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

11-сынып оқушысы ай сайын 68 мың теңге көлемінде оқу ақысын төлейді.

2008 жылы оқушының әкесі екі баласына, оның ішінде осы қызына қатысты ата-ана құқықтарынан бас тарту туралы арыз жазып, оны нотариалды түрде куәландырған.

2018 жылы қыздың анасы мен ағасы қайтыс болған. Қазіргі уақытта ол әжесімен бірге тұрады және толықтай оның асырауында.

Әкесі ешқандай материалдық көмек көрсетпеген, қарым-қатынастан қашқақтаған, ал көмек сұраған кезде қызының телефон нөмірін бұғаттап отырған.

Сотқа алимент өндіру туралы талап қоюмен жүгінгенде, оқушы өзінің қаржылық қиындықтарға тап болғанын көрсеткен: оқу мен тұрмысқа байланысты барлық шығынды әжесі өтейді. Ал қаражат тек азық-түлік пен ең қажетті қажеттіліктерге ғана жетеді.

Сотта әкесі талапты ішінара қанағаттандыруды сұрап, басқа некеден туған төрт баласының бар екенін және несиелік міндеттемелерін алға тартқан. Алайда оның еңбекке қабілетті екені және бірнеше кәсіпорыннан табыс табатыны анықталған.

Сонымен қатар, шешім шығарылған күні жауапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққаны, ал оған дейін көп ұзамай тағы төрт балаға әкелік құқықты ресімдегені белгілі болған.

Сот мұны алимент мөлшерін жасанды түрде төмендетуге бағытталған әрекет ретінде бағалады.

Тараз қалалық соты әкеден қызы мектепті аяқтағанға дейін ай сайын 17 АЕК (66 844 теңге) мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды.

Әкесі бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағымданған.

Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #Алимент #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);