AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әск...

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Спорт 02.04.2026, 19:27 570
Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова  Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына қарасты 5571 әскери бөлімінде қазақстандық танымал спортшы, дзюдодан халықаралық жарыстардың жүлдегері, IJF 3 дан иегері Әбиба Әбужақынова жеке құраммен кездесу өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған іс-шара әскери қызметшілердің рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Әбиба Әбужақынова спорттағы жетістіктері мен жеңіске жету жолындағы табандылығы туралы кеңінен әңгімелеп, сарбаздарға жігер берді. Ол өз сөзінде табысқа жетудің басты қағидаттарына ерекше тоқталды.

-Әрбір жетістік - үздіксіз еңбектің, темірдей тәртіптің және өз мақсатыңа деген сенімнің нәтижесі. Қандай салада болмасын, адам өзіне талап қоя білсе, кез келген биікті бағындыра алады, - деді спортшы.

Сондай-ақ, ол дзюдо спортының қыр-сырымен бөлісіп, әскери қызметшілердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өрбіді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы қаласының ұлтаралық және конфессиялық келісім орталығының өкілдері – Болат Оспанов, Долкунтай Абдулхалил, Руслан Калиоллоаев, Даут Мохаммад, Манас Ташыбеков, Салтанат Лекерова, Бекарыс Әбділдабеков, сондай-ақ Алматы қаласы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Сұлушаш Досболова қатысты.

Кездесу соңында әскери бөлім басшылығы атынан қонақтарға алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай мазмұнды кездесулер әскери қызметшілердің рухын көтеріп, олардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға тың серпін беретіні атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дзюдо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы өз жұмысын қорытындылады

Бүгін 14:15

Медицина қызметкерлеріне маска тағуға міндеттелді

Бүгін 14:14

Алматы – Токио тікелей рейсі Жапониямен туристік байланысты нығайтады

Бүгін 13:06

Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті

Бүгін 13:00

Келесі айдан бастап Алматы–Токио арасында тікелей рейстер ұшады

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);