AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Танымал айтыс ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

Танымал айтыс ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

Мәдениет Бүгін 16:00 54
Танымал айтыс ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері Әсия Әйіпқызы Беркенованың дүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтады.

Әсия Әйіпқызы қазақ айтысы қайта түлеген жылдары осы өнердің бел ортасында жүрді. Тобыл өңірінде айтыс дәстүрінің жандануына елеулі еңбек сіңіріп, суырыпсалма дарынымен, ұшқыр ойы және уәлі сөзімен ел ықыласына бөленді. Өнер жолында талай шәкірттің талабын ұштады.

1984 жылы Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыстағы жеңісі Әсия Әйіпқызын қалың жұртқа танытты. Кейін де республикалық және халықаралық жыр додаларында топ жарып, қазақтың сөз өнерін биікке көтерді. Ұзақ жыл ұстаздық еткен ақынның бойындағы өнер мен өнеге шәкірттерінің шығармашылығынан да жалғасын тапты.

Әсия Беркенованың жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыры мен ұлт руханиятына сіңірген елеулі еңбегі туған халқының жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» бастамасына арналған оқушылар зертханасы ашылды

Бүгін 16:41

Балаларға бақылау күшейеді

Бүгін 16:34

Төрт қазақстандық боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады

Бүгін 16:31

Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады

Бүгін 16:15

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1%-ға өсті

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);