AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Балаларға бақылау күшейеді

Балаларға бақылау күшейеді

Білім және ғылым Бүгін 16:34 33

Сабаққа себепсіз бармай жүрген оқушылардың тізімі енді ай сайын полиция назарында болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Егер мектеп жасындағы бала сабаққа себепсіз бармай жүрсе, бұл жағдай енді байқаусыз, бақылаусыз қалмайды. 21 қарашадан бастап мұндай оқушылар туралы мәлімет ай сайын полицияға беріліп отырады. Қысқасы, сабақтан жиі қалатын балаларды бақылау күшейеді.

Бір айта кетерлігі, бұл мүлдем жаңа жүйе емес. Балаларды тізімге алу бұрын да болған. Жаңа бұйрық тәртіпті нақтылап, мерзімдерді қатаңдатты.

Елімізде 18 жасқа дейінгі барлық балалардың ортақ базасы бар. Онда балабақшадағы бүлдіршіндерден бастап, оқушылар, колледж студенттері, тіпті мүлде оқымай жүрген балалар да қамтылған. Сабақтан себепсіз жиі қалатындар да осы базаға енеді. Базада баланың аты-жөні, ЖСН-і, туған күні және мекенжайы сақталады.

Ең басты жаңалық: мұндай оқушылардың тізімі енді ай сайын полиция назарында болады. Тексерілген мәлімет әр айдың 10-ына дейін базаға түсуі керек. Қанша күн «жиі» деп саналатыны Заңда нақты сан жазылмаған. Бұрын министрлік 10 күн және сабаққа одан көп себепсіз қатыспауды «жүйелі босату» деп түсіндірген. Жаңа бұйрықта бұл сан өзгерген-өзгермегені әзірге белгісіз. Ал бала ауырып қалса, олимпиадаға кетсе немесе үйде бір жағдай болса және сол себепті қатыспаса, ол – басқа нәрсе. Мұғалімге уақытында ескертілсе, анықтама қағазы болса, ешқандай мәселе туындамайды.

Баланың оқуына ең алдымен ата-ана жауап береді. Егер ата-ана бұл міндетін орындамады деп танылса, алғаш рет 43 250 теңге (10 АЕК) айыппұл салынуы мүмкін. Бір жыл ішінде қайталанса – ата-анаға 64 875 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл кесіледі немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынады.

Бірақ мектептің өзі айыппұл сала алмайды. Хаттаманы полиция, білім бөлімі немесе бала құқықын қорғау органы толтырады, ал соңғы шешімді сот шығарады.

Бұйрықта буллинг жайы да қозғалған. Өйткені баланың сабақтан қалуының себебі болуы ықтимал. Мысалы, сыныптастары қорлайтын бала мектепке барғысы келмей қалады. Енді білім бөлімі буллинг туралы арызды 1 жұмыс күні ішінде тіркеп, 2 жұмыс күні ішінде буллинг болған-болмағанын шешуі керек. Зардап шеккен балаға мектепте психолог көмек көрсетуі қажет.

Ата-ана бала ауырып қалса, сынып жетекшісіне сол күні хабарлауы керек.Сондай-ақ, анықтаманы кешіктірмей тапсыру, электронды күнделіктен баланың сабаққа қатысуын қарап тұру маңызды.

Жаңа тәртіптің мақсаты — баланы жазалау емес, оны назардан тыс қалдырмау. Ай сайынғы тексеру сабақтан қалып жүрген баланы ерте байқауға көмектеседі. Бірақ ең бастысы — баламен сөйлесу. Баланың мектепке неге барғысы келмейтінін ата-ана мен мұғалім уақытында білсе, көп мәселе полицияға жетпей-ақ шешіледі.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» бастамасына арналған оқушылар зертханасы ашылды

Бүгін 16:41

Төрт қазақстандық боксшы World Boxing рейтингінде көш бастады

Бүгін 16:31

Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады

Бүгін 16:15

Танымал айтыс ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті

Бүгін 16:00

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1%-ға өсті

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);