AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1%-ға ө...

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1%-ға өсті

Экономика Бүгін 15:23 40
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1%-ға өсті
Ұлттық статистика бюросы

Тұрғын үй құрылысының едәуір көлемі өңірлік бөліністе Алматы облысында тіркелді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға өсті.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 89,5%, шетелдік – 9,8%, мемлекеттік – 0,7% орындалды.

2026 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (15,8%) байланысты.

2026 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (25,4%), тұрғын емес ғимараттар (21,5%) және тұрғын үйлердің (12,6%) құрылысы алады.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (2,3 есе), Қызылорда (30,5%),Атырау (25,7%)және Павлодар (23,8%) облыстарында, Алматы қаласында (23,1%), Түркістан (20,6%), Шығыс Қазақстан (15,5%), Батыс Қазақстан (15,4%), Ақтөбе (14,2%) және Абай (13,1%) облыстарында және Астана қаласында (11,8%) байқалады.

2026 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 18316,3 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,1% көбейіп, 14919,8 мың шаршы метрді құрады, олардан 9643,3 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5212,3 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 14178,1 мың шаршы метрді немесе 95%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5648,1 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

Тұрғын үй құрылысының едәуір көлемі өңірлік бөліністе Алматы облысында тіркелді. Мұнда 1 107,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім 16,9%. Түркістан облысында 988,5 мың шаршы метр (+6,2%), Қызылорда облысында 804,1 мың шаршы метр (+4,9%), Ақтөбе облысында 760,8 мың шаршы метр (+2,2%) және Жамбыл облысында 588,3 мың шаршы метр (+0,4%) тұрғын үй пайдалануға берілді.

2026 жылғы қаңтар-қазанға білім беру және денсаулық сақтау саласында 22610 оқушы орнына арналған 44 жалпы білім беретін мектеп, 5437 орынға арналған 37 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 328 келіп-кетушіге арналған 9 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар бастамаларын ілгерілетуге арналған алаң құрылады

Бүгін 15:19

Семейде екі ойын-сауық орнының қызметі уақытша тоқтатылды

Бүгін 15:05

Алматыда ашық арық желілері мен нөсер кәріздері кеңейтіледі

Бүгін 14:52

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

Бүгін 14:45

«ALMATY THEATRE FEST»: Дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан театр мерекесі

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);