Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Тәңір қызы» - Франциямен бірлескен фильм Маңғыста...

«Тәңір қызы» - Франциямен бірлескен фильм Маңғыстау өңірінде түсіріледі

Өмір-өзен 19.08.2022, 17:00 2,006
«Тәңір қызы» - Франциямен бірлескен фильм Маңғыстау өңірінде түсіріледі
Сурет: Inform.kz

Қысқаметражды фильм


Қазақстан мен Францияның бірлескен жобасы - «Тәңір қызы» қысқаметражды фильмі Маңғыстауда түсіріледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде фильмнің режиссёрі Дана Муса айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қысқаметражды арт-фильмнің идеясы – кең байтақ қазақ даласында ертеде тараған тәңіршілдік наным-сенімін және әйел адамның қоғамдағы орнын көрсетуге бағытталған.



«Фильм түсірілімі Маңғыстау облысында 21 тамызда басталып, бір аптаға созылады. Осыған дейін түсірілген «Киелі би» фильмінің түсірілімі де киелі өлкеде өткен еді. Екінші жобамызды да бірінші жобадағы командамен бастап отырмыз. Фильм операторы Александр Мерфи де Маңғыстау өлкесі табиғатының сұлулығы қайталанбас, бірегей екенін айтып, таңғалды. Әлемнің біраз елін аралаған адамнан мұндай баға алу – мен үшін мақтаныш», - деді Дана Муса.



Фильм – Қазақстан мен Францияның бірлескен жұмысы. Онда қарт бақсының өз қасиетін кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыру жайы көрсетіледі. Бойында күш-қуатын жоғалтқан қария өзінің салттық биін жас қызға береді. Осылайша, ол қыз рудың тарихын жалғастыра алады, ата-баба рухтарымен байланыста болады.
Франция продюсері Себастьян Лаглездің айтуынша, фильмнің ұзақтығы 15-20 минут. Дайын фильм 2023 жылдың көктемінде қалың көрерменге жол тартады. Қысқаметражды арт-фильм би саласындағы конкурстық кинофестивальдермен қатар, музейде де ерекше лайф-перформанс нұсқада көрсетілмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәңір қызы #Кино #Қазақстан #Франция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика