AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тамызда қазақстандықтар қалай демалады?

Тамызда қазақстандықтар қалай демалады?

Мұны білген жөн 16.07.2025, 09:55 691 Сұлу
Тамызда қазақстандықтар қалай демалады?
depositphotos.com

Биыл тамызда қазақстандықтар Конституция күніне байланысты бір күн артық демалады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Конституция күні — Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күні ел 1995 жылы қабылданған, мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін айқындайтын Ата Заңның қабылдануын атап өтеді. Мереке жыл сайын 30 тамызда тойланады.

2025 жылы Конституция күні қалай демаламыз?

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер Конституция күні қосымша бір күн демалады. 2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр, сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні 1 қыркүйек дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге тамызда 10 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің кестесі мынадай:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

Алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамызда қосымша демалады. Демалыс кестесі:

  • 30 және 31 тамыз – демалыс,

  • 1 қыркүйек – жұмыс күні.

Алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер тамызда 6 күн демалады.

Конституция күні қалай атап өтіледі?

Конституция күні елде салтанатты шаралар, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылады. Халық Ата Заңға арналған түрлі акциялар мен флешмобтарға қатысады.

Тамыздағы басқа да маңызды күндер:

  • 3 тамыз (тамыздың алғашқы жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні

  • 10 тамыз – Абай күні

  • 10 тамыз (екінші жексенбі) – Құрылысшылар күні

  • 18 тамыз – Шекарашылар күні

  • 18 тамыз – Спорт күні

  • 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылу күні

  • 31 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Кеншілер күні

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тамыз #демалыс #Конституция күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);