AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Тамыз сөзі қайдан шықты?

Тамыз сөзі қайдан шықты?

Керек кеңес 02.08.2024, 10:52 1,397 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ 
Тамыз сөзі қайдан шықты?
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

«Уылжып жеміс-жидегі,

Көкөніс пісіп үйдегі,

Аулалар толып алмаға,

Аңызақ, аптап сиреді.

Тамылжып тұрған алма бақ,

Самал жел желпіп биледі.

Тамыздың айы келді деп

Ән шырқайды жел-жібек...».

Ақын тілімен суреттегенде, осындай болып келетін керемет бейне, тіршілік...

Міне, тамылжыған тамыз айы табалды­рықтан аттады. Бұрынғылар Сүмбіле деп атаған. Айдың тағы бір атауы – «сарша та­мыз». Тамыз сөзін еврейдің ежелгі «туммуз» деген сөзінен шыққан деп жорамалдап, қи­сынсыз, ұшқары, орынсыз пікір айтып жүр­ген этнографтар да жоқ емес. Тамыз – қа­зақтың тамылжу, маужырау, тыныштыққа шому, елжіреу, ыстыққа баулу, жылылыққа шақыру және сол сезімдерді сездіретін сөз­дерден шыққан. Кеңінен тоқталар болсақ, «сарша» сары сөзінен шыққан. Сын есім. Осы мезгілде төңірек шөбі қурап, сарғаяды, сары түске енеді. Жеміс-жидек, бақша өнім­дері түгелге жуық уылжып піседі. Тары мен күздік бидайға және күрішке орақ түседі. Ауа райы да ерекше тамылжып тұрады.

Шілденің қатты ыстығын ала келген «сарша» амалы да аяқталды. Үркер туды. Алай-дүлей дауыл тұрып, жел соғып, жаң­быр жауды. Адамға жайсыз, бірақ малға жайлы жаңбыр бұл. Күн күркіреді, найзағай ойнады. Аспанды шаңды дауыл бүркеді, қанша ағаш сынды, автокөлікті басып қал­ған оқиғалар да орын алды...

Шілдеде туған жаңа ай тіп-тік болып салбырап туды. Көнекөздердің айтуы бо­йынша, айдың бұлай тууы өзіне жайлы, шаруаға жайсыз. Шынында да солай болды. Аптап ыстық алматылықтарды әбден мезі етті. Енді біртіндеп жылылық азая бермек. Айдың ортасында ауа райы салқын тартып, күз нышаны біліне бастайды. Тамызда Тара­зы туады, таң суыйды. Қыркүйекте Сүмбіле туады, су суыйды... Бұл осымен жаздың ап­табы бітті дегенді білдірмесе керек. Аспан денелерінің білдіруі бойынша, ыстық күн­дер алда мол. Биыл күз құрғақ әрі шуақты болады деген болжам да жоқ емес.

Бүгін григорианша, тамыздың 2-сі, ай күнтізбесі бойынша, енді төрт күннен кейін жаңа ай туады, ескіше, тамыздың – 16-сы. Апта айдың басы мен ортасын қамтып тұр. Бұл ауа райының тұрақсыздығын аңғартса керек. Ар жағында күн, сосын су суыйды. Шілденің шіліңгір аптабын шідерлейтін осы Шідер жұлдыз ғана... Бірақ мұнымен аптап­ты ыстық күндер бітпейді. Шуақты күндер әлі алда баршылық.

Қазақы пайымның болжамын синоптик­тер де жоққа шығарып отырған жоқ. Еліміздің 14 облысында алдын ала дабылды ескерту жарияланды. Шығыс Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыста­рында ауа райы кенеттен салқындап, күн күркіреп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, Маңғыстау мен Қызы­лорда өңірлерінде күннің қызуы арта түспек. Еліміздің солтүстік аймақтарында салқын ауа райы ыстыққа ауысатын сыңайлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тамыз #Сүмбіле #Үркер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);