AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Тамыз айындағы ҰБТ аяқталды: Шекті балды талапкерл...

Тамыз айындағы ҰБТ аяқталды: Шекті балды талапкерлердің 54% жинады

Білім және ғылым 15.08.2022, 14:00 1,560 Almaty-akshamy
Тамыз айындағы ҰБТ аяқталды: Шекті балды талапкерлердің 54% жинады
Сурет: Baq.kz

19 мыңға жуық талапкер қатысты 


Тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 19 мыңға жуық талапкер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
19 мыңға жуық түлектің 69% қазақ тілінде, 31% жуығы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Айта кетейік, тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады.
Тестілеу қорытындысы бойынша 10 мың талапкер шекті балл жинай алды, Бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 54% құрайды. ҰБТ орташа балы 58 балды құрады. Ең жоғары балл – 128.
ҰБТ өткізу барысында 118 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 39 азамат смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Қалған 79 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзып, аудиториядан шығарылған. Олардың да тест нәтижесі жойылды.



«Талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып тұр. Барлық қатысушылардың 21% «математика-физика» комбинациясын, 20% «химия-биология» комбинациясын таңдаған. «Химия-Физика» пәндер комбинациясын тек 39 талапкер тапсырды», – деді ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Еске салайық, тестілеу қорытындысымен келіспеген талапкер апелляцияға электронды форматта өтініш бере алады. Тамызда ҰБТ тапсырғандардан апелляцияға 2 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың ішінде 2 тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Республикалық апелляциялық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.
Тамыз айындағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Сонымен қатар ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #Талапкер #оқу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);