AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Талдықорғанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын...

Талдықорғанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

Білім және ғылым 30.10.2021, 05:40 1,626 Almaty-akshamy
Талдықорғанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті
Cурет: Облыс әкімдігі

Байқауға облыс бойынша 17 аудан мен 3 қала қатысты


Оқушылар сарайының алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті  мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Слетке Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Асқар Садықов, Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова, Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Мақпал Беккулова және команда капитандары мен клуб қатысушылары қатысты.


Байқауда облыс бойынша 17 аудан, 3 қаланың  Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған  «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының капитан командалары өз аудан, қалаларындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жобаларды қорғады.
Сондай-ақ,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев іс-шара жастардың бойында гуманизм мен ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.


«Адал ұрпақ». Бұл-мектеп оқушылары мен студенттер арасында ұйымдастырылатын дәстүрлі шара. Мақсаты-жастарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыру. Бүгін білім ордасында жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жасаған жұмыстарын қорытындалау өз мәресіне келді. Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуы үшін мектеп қабырғасынан бастап осы бағытта тәрбие беру маңызды». 



Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Іле ауданы, I-орын Панфилов ауданы, II- Көксу ауданы, III – орын Еңбекшіқазақ ауданы иеленді.
Бас жүлде иегері Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы №13 мектептің оқушысы Заманбек Сымбат Әсетұлы «Ақиқат алақаны» тақырыбында жоба қорғады. 



«Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым ҚР Конституциясын басшылыққа ала отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы отбасы рөлі және Қазақстанда тұратын өзге ұлттар мен облыстардың мәдени дәстүрлерін, тілін, дінін қастерлеуге жас ұрпақты тәрбиелеу. Қарапайым халықты алдамау. Ертеңгі күннің несібесіне қол сұғуға жол бермеу»,-дейді ұымдастырушылар.



Жеңімпаздар  бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#клуб #слет #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);