AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Талдықорғанда 5 мыңнан аса жер учаскесін біреулер...

Талдықорғанда 5 мыңнан аса жер учаскесін біреулер заңсыз иемденіп алған

Әлеумет 06.12.2022, 02:40 1,022 Almaty-akshamy
Талдықорғанда 5 мыңнан аса жер учаскесін біреулер заңсыз иемденіп алған
Сурет: Ашық дереккөз

Құжаты рәсімделмеген жерге үй тұрғызылған немесе кәсіпкерлік нысан салынған


Талдықорғанда бес жарым мыңнан аса жер учаскесін біреулер заңсыз иемденіп алған. Олардың бір де бірінің құжаты жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазір жер телімдерін өз бетінше иемденгендердің тізімі жасалып, оларға ескерту хаттамасы беріліп жатыр.


Ескертуді елемей, жердің құжатын жасамаған ірі кәсіпкерлерге 2 млн теңгеден аса айыппұл салынады.



«Үш ай мерзімде Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы жерлерін заңдастыруға мүмкіндік бар. Жерлерін заңдастырмаса, жеке тұлғаға 75 АЕК, ірі кәсіпкерлерге 700 АЕК көлемінде айыппұл салынады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Бекзат Тастанбаев.



Ал бес жарым мыңнан аса жердің құжаты жоқ екенін мамандар арнайы аэроғарыш зерттеуі арқылы анықтаған.


Қарапайым мысал ретінде айтатын болсақ, құжаты рәсімделмеген жерге үй тұрғызылған немесе кәсіпкерлік нысан салынған.


Осылайша бір ғана Талдықорғанның өзінде 5568 жер учаскесінің құжаты болып шыққан.


Мамандар ескерту хаттамасын алған жандардың Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тез арада құжаттарын рәсімдеу керектігін ескертеді.


Егер құжаттарды рәсімдемесе, айыппұл салынады. Себебі, бұл жерлердің барлығы - мемлекет меншігінде тұрған жер телімдері.


Ең аз деген айыппұлдың көлемі жеке тұлғаға 230 мың теңге, жеке кәсіпкерге 306 мың, ал орташа кәсіп иесі 500 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды.



«Әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Мысалы, ол жер кезінде бұл кісілерге бес жыл уақытқа уақытша мерзімге берілген болуы мүмкін. Уақыттың мерзімі өткеннен кейін сол жерді пайдаланып отырған адамдар жер қатынастары бөліміне жүгіне отырып, қайтадан ұзартуға құқықтары бар»,- деді Жетісу облысындағы жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Мәдібаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#участок #заң #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);