Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таяқ тарту» — рухты ойын

«Таяқ тарту» — рухты ойын

Әлеумет 01.11.2024, 14:36 2,289
«Таяқ тарту» — рухты ойын
ҰҚК Шекара қызметі
 

Қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындарының бірі – «Таяқ тарту» биыл қыркүйек айында Астанада өткен Дүниежүзілік Көшпелілер ойындарында қайта жанданды. Бүгінде бұл ойын Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің техникалық және кәсіби даярлық бөлімдерінде алғаш рет ұйымдастырылып, ерекше тартыспен өтті.

Алматы облысы бойынша департаменттің бастығы, полковник Ә.Каюповтың бастамасымен шекарашылар арасында «Таяқ тарту» ойынын өткізуге Қазақстан Республикасы Мас-Рестлинг (таяқ тарту) федерациясының вице-президенті Т.Қаналиев қолдау білдіріп, турнир басталар алдында қатысушыларға шеберлік сабағын өткізді.

Сайыс шекара басқармасының Ақжардағы оқу орталығының алаңында еліміздің Әнұранымен басталды. Жақында Отанына адал қызмет етуге ант беретін «Күз-2024» шақырылымының сарбаздары әскери өмірге тез бейімделіп, шеберліктерін шыңдап үлгергендерін көрсетті.

Турнирді шекара басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Сағадат Әуезов ашып, алғашқы сөзді Мас-Рестлинг федерациясының вице-президенті Т.Қаналиевке берді. Талғат Талапұлы шекарашылар тарихында тұңғыш рет өткізілген «Таяқ тарту» ойынының маңызын айта келе, турнир қатысушылары мен жанкүйерлерін өз командасымен таныстырды.

Турнирге «Бүркіт», «Көкжал», «Ақ барс», «Сұңқар», «Қалқан» және «Арлан» командалары қатысып, өз бақтарын сынады. Сайысты федерацияның бас хатшысы, халықаралық төреші Алтын Ақылбек басқарды. Таяқ тарту ойыны қатысушыларды ғана емес, көрермендерді де баурап алды. Сарбаздар 50-ден 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысқа түсіп, командаларының намысын қорғады. Кейбіреуі қарсыласын күшпен жеңіп, шекара сызығын кесіп өткенде, олардың жеңіске деген құштарлығын анық байқауға болатын.

Турнир барысында жанкүйерлер өз командаларын қызу қолдап, сайыскерлерді демеуін тоқтатпады. 80 келіден жоғары салмақтағы әскери қызметшілер арасындағы тартысты сәттерде де қызықты көріністер орын алды. Алаңға шыққан ірі денелі сарбаздар Қажымұқан атамызды еске түсірсе де, кейбірі күш сынасуда әлсіздік танытып жатты.

Турнир соңында, жалпыкомандалық есепте 1-орынды «Сұңқар» тобы, 2-орынды «Ақ барс», 3-орынды «Бүркіт» тобы иеленді. Турнирдің табысты өтуіне үлес қосқан мәртебелі қонақтар мен ұйымдастырушылар департамент бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

Қорытындылай келе, шекарашылар үшін шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін «Таяқ тарту» шын мәнінде рухты ойын екенін дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК Шекара қызметі #сарбаз #Сайыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика