ffin.kz

Тағы бір өнер тарланы өмірден өтті

Тағы бір өнер тарланы өмірден өтті Сурет: Astanatv.kz

Қазақ өнерінің асқары - Асқар Наймантаев дүниеден өтті.


Бұл туралы оның өнердегі досы әрі әріптесі Ұлан Нүсіпәлі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Қош, қайран ДОС! Қадіріңе жете алмасақ, кеш бізді...», - делінген жазбада.


Асқар Наймантаев 1965 жылы, 17-маусым күні, Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі от басында дүниеге келген. Әкесі Әбдіғалым Наймантаев "Нарынқол халық театрында" режиссер, ал, анасы Рафия Райжанова сол халық театрының актрисасы болып қызмет атқарған. Асқардың балалық өмірі сол театр іргесінде өтті. Халық театр сахнасына ең алғаш М.Әуезовтың "Еңлік-Кебек" спектакліндегі Еңліктің баласының орнына жөргектегі кезінде шыққан. Өзі режиссерлық кәсіппен мектеп қабырғасында жүргенде айналыса бастады. Мектеп сахнасында 6-сыныптан бастап Қ.Жетпісбаевтің "Бала мерген", С.Жүнісовтың "Жаралы гүлдер" сияқты бірнеше спектакльдерді сахналады.


"Алматы театр және көркемсурет" институтында КСРО халық артисі Хадиша Бөкеева мен Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың класында "театр және кино актері" мамандығы бойынша оқып, диплом алған соң Қазақтың М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жолдама алды. Театр сахнасында көптеген спектакльдерде басты рольдерді сомдады. Ж.Тәшенов, И.Саввинннің "Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырды" спектаклінде Нұртаза ролін, Ш.Айтыматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" спектаклінде Сәбитжан ролін, М.Мақатаевтың "Қош махаббатында" Қасым, Ж.Аймауытовтың "Ақбілегінде" Балташ рольдерін ойнап, Әзірбайжан Мәмбетов, Асанәлі Әшімов, Болат Атабаев, Әубәкір Рахимовтай дарынды режиссерлармен қызмет атқарды. Қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болды.Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан "Терісқақпай", "Аққу-Гәкку" комедиялық театрларының орны ерекше. Асқар ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етті. "Бүгін менің туған күнім" атты концерттік жобасы Республикалық телеарналар арқылы бірнеше жыл қатарынан өткен дәстүрлі халық сүйген жобаға айналды. "Мұқағали атындағы сыйлықтың" құрылтайшысы болып, Мұқағали мұрасын дәріптеуге еңбек еткен жазушы, ақын, әнші, композиторларды марапаттады. Асқар Наймантаев эстрада өнерінің сахнасында "Ретро жұлдыздар шақырады", "Айтыңыз қабыл болсын", "Жаңа жылға-жаңа жұлдыздар" "Қазақша дискотека" сынды көптеген танымал жобалардың ұйымдаструшы-режиссері, сатира театрларының қойылымдарының, "Дайкпресс" баспасынан 2004 жылы мемлекеттік тапсырыспен шыққан сатиралық "Теріс кітап" жинағының авторы. Мұқағали Мақатаевтың мұрасын дәріптеуге сіңірген еңбегі үшін Ауған соғысы ардагерлерінің "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығы кеңесінің 2007 жылдың 9-ақпан күнгі шешімімен "Қайырымдылығы үшін "Сауап" меделімен марапатталды. Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 8- желтоқсан күнгі жарлығы бойынша "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. Асқар Наймантаев "Айналайын", "Домашние войны" сериалдарының сценаристер тобында болып, көптеген теле жобалардың, сериалдардың, сахналық қойылымдардың сценарилерін жазды. Алматы қаласында өзінің "Таланттар мектебін" ашып, онда жас ұрпақты өнерге баулуға еңбек етіп жатыр. Бүгінгі таңда ол мектеп жастарға “Актер өнері” мамандығын оқытатын “Bilte” akademy” болып өзгеріп, жұмыс істеп жатыр. Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында ұстаздық етеді. 2014 жылы "Астана" телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген "Домашние войны" сериалының қоюшы режиссері болды. 2014 жылдың мамыр айында Жамбыл обылыстық қазақ драма театрында Оспанхан Әубәкіровтың "Терісқақпай" комедиясының желісімен "Ңөң" атты комедиялық думанның қоюшы режиссері болды. Премьерасы 30,31 мамыр күндері болып өтті.


2018 жылы Мұқағали Мақатев шығармасының желісімен “Аққулар ұйықтағанда” атты қысқаметражды. Көркем-поэтикалық фильм түсірді. 2019 жылы “Вампир күйеу” атты комедиялық фильм түсірді. 2020 жылы С.Мұқанов атындағы СҚО сазды драм театрының сахнасына “Меңдуана махаббат” атты комедияны сахналады. Премьерасы 21-ақпан күні болды. Асқар Наймантаев теле жүргізушы ретінде де “TamashaTV” арнасында “Бір ғанибет”, “Jastar TV”арнасында “Масқара шоу” хабарларын жүргізді. Ол хабарлардың, жоғарыда аталған фильмдердің сценарилерін өзі жазды. 2018 жылы студенттерге арналған “Конферансье - актер және көркемсөз шебері” кітабы мен “Алтын тордан шыққан ән” атты жинағы жарық көрді. "Домашние войны", “Бастық боламын”, “ОрыStar в Шымкентте”, “Детектив әже” ,"Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер" "Внуки в ауле" комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Санитастың "Тезек" фильмдердінде ойнады. басты рольдер сомдады. Бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында "Хантәңірі" және "Қарадала" театрларын ашты. Ол театрлардың ашылуы Республика көлемінде елеулі оқиға болды. Екі театр ашыла сала Германияның Франкфурт на Майне қаласында өткен Халықаралық фестивальдің Гран При және Бас жүлдесіне ие болды. Бүгінгі күнге дейін Сол екі театр мен 2015 жылы өзі ашқан Қаракемер балалар театрын (Еңбекшіқазақ ауданы) алға сүйреп келеді. "Қарадала" театры қазақ пен ұйғыр халқының өнерпаздары бас қоса жұмыс істеп жатқан ерекше театр. Театр репертуарында екі ұлттың да қоғам, әдембиет қайраткерлері туралы қойылымдар бар. "Қаракемер" балалар театры" облыстағы балаларға арналған жалғыз театр. 2022 жылы "Алтын тордан шыққан ән", "Конферансье" , "Теріс кітап" атты кітаптары қайта басылып, жаңадан "Халық театрының қалта кітабы" атты кітабы жарық көрді. Қоғам қайраткері ретінде де әлеуметке танымал тұлға.


Ақпарат Kk.wikipedia.org-тан алынды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43