AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Тағы бір ел ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салмақ

Тағы бір ел ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салмақ

Әлем 05.06.2024, 15:33 909 dulatbekova
Тағы бір ел ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салмақ
Cурет: Journal.tinkoff.ru

Грузия парламентінің спикері Шалба Папуашбили биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының ЛГБТ насихатына және жыныс ауыстыруға тыйым салатын заң жобаларының пакеті күн тәртібіне енгізіліп жатқанын хабарлады.

 Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Билік партиясы «Отбасы құндылықтары және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы негізінде республика конституциясына тиісті түзетулер енгізуді көздеп отыр. Аталмыш заң жобасы қоғам қолдауына ие болғанын жеткізді парламент жетекшісі.

Бұл бағыттағы заң жобалары пакетінде бір жынысты некені тіркеуге; жынысын өзгерткен немесе бір жынысты төсек қатынасындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды асырап алуына; ресми құжаттарда биологиялық (табиғи) жынысынан өзгеше жынысын көрсетуге; жыныс ауыстыру операцияларына тыйым салу қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында бір жыныстыларды дәріптейтін көріністерді және ұқсас мазмұндағы жарнамаларды таратуға тыйым салынады. Сонымен қатар, бұл тарапағы түзетулер бойынша ЛГБТ идеологиясын насихаттауға бағытталған қоғамдық жиындарға тыйым салынады, компаниялар қызметкерлердің биологиялық жынысы ескерілмеген еңбек келісімдерін жасай алмайды, т.б. Заңнамалық түзетулер күзде түпкілікті қабылданады.

Осы орайда елімізде де көктем мезгілінде «Бала құқығы туралы» заңға түзетулер енгізілгенін айты кетпекпіз. Түзетулерге сәйкес бір жынысты төсек қaтынaсындaғы, сондaй-aқ, біреуге жыныстық қысым көрсетіп, қылмыскер aтaнғaн тұлғaлaр, бұдан бөлек, террористік немесе экстремистік әрекетімен көзге түскендерге және адам саудасы бойынша сотты болғандарға бала асырап алуға немесе қамқоршы болуға тыйым салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЛГБТ #заңмен тыйым #тағы бір ел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);