AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Тағы бір адам АИТВ дертінен жазылды

Тағы бір адам АИТВ дертінен жазылды

Оқиға 20.02.2022, 12:56 1,489
Тағы бір адам АИТВ дертінен жазылды
Cурет: Egemen.kz

Пациент кіндік қанының бағаналы жасушаларымен жасалған терапиядан соң сауыққан


Ғалымдар әлемде үшінші адамның АИТВ-дан емделіп шыққанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-тағы ЖИТС-ті халықаралық клиникалық зерттеу желісінің ғалымдары үшінші пациент дертінен құлан-таза айықты деп отыр. Орта жастағы әйел адам қан обырының эксперименттік терапиясынан кейін арада төрт жыл өткенде вирусты жеңіп шыққан. 


Бұған дейін сүйек тінін трансплантациялағаннан кейін АИТВ толық ремиссиясының дәлелденген екі жағдайы белгілі болатын. Жоғары эксперименттік  емдеудің алдын ала нәтижесі биыл Денверде өткен ғылыми конференциясы барысында таныстырылды. Алайда ол туралы әлі рецензия жасайтын ғылыми журналдарға жарияланып үлгермеген. 


Белгілі болғандай, пациент кіндік қанының бағаналы жасушаларымен жасалған терапиядан соң сауыққан. 


Кіндік қанынан алынған бағаналы жасушалардың орнығып, жаңа қан жасушаларын өндіруі үшін бірнеше апта қажет көрінеді. Алайда АИТВ қорғаныс лейкоциттерінің бөлінуі басталғанға дейін оларға «шабуыл» жасауы мүмкін. Сол үшін ғалымдар бағаналы жасушаны ауыстырмас бұрын қан тобы сәйкес келетін туысының қанын құйып, трансплантатқа вирусқа қарсы уақытша қорғаныс берген.  


Одан бөлек, шаранадағы ДНҚ жасушасында  CCR5 генінің екі көшірмесінде де delta-32 мутациясы болған. Бұл ген  C-C-рецептор хемокин 5 С-С-рецепторының ақуызын кодтайды. Соның көмегімен АИТВ иммундық Т-жасушаларға қосылып, ішке енеді. Ал delta-32  мутациясы оны болдырмайды. Мұндай мутациясы бар адамдар АИТВ-ты қабылдамайды деп отыр мамандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АИТВ #науқас #сауықты #АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32

Наурыз рухы сахнадан асып, алаңға жетті

Бүгін 11:31

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15

Өтің ауырмасын десең...

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика