AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Таеквондодан ӘЧ: Эльдар Бірімбай мен Мария Севость...

Таеквондодан ӘЧ: Эльдар Бірімбай мен Мария Севостьянова жарыс жолынан шығып қалды

Спорт 29.05.2023, 15:24 1,979
Таеквондодан ӘЧ: Эльдар Бірімбай мен Мария Севостьянова жарыс жолынан шығып қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Бакуде таеквондодан XXVI әлем чемпионаты бастау алды


Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде таеквондодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биылғы бәсекеге 145 елден 950-ден астам таңдаулы спортшы жиналды. Олар алғашқы жарыс күні Олимпиада бағдарламасына кіретін екі салмақта сынға түсіп жатыр.


Ұлттық құрама спортшылары – Эльдар Бірімбай (68 кг) мен Мария Севостьянова (57 кг) жарысты 2-айналымда аяқтады.


Мария 1-айналымда чехиялық Хана Флегрованы сенімді ұтқан. Осыдан кейін тартысты жекпе-жекте тәжірибелі бразилиялық Мария Клара Лимаға жол берді.


17 жастағы отандасымыз Ұлттық құрама сапына биыл қосылды. Былтыр жастар арасындағы Азия және Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған.


Биыл рейтингтік турнир – Словения ашық чемпионатында топ жарған. Бұл оның ересектер арасындағы алғашқы ірі жарысы.


Эльдар Бакудегі алғашқы жекпе-жегінде габондық Амар Мұсаны айқын басымдықпен жеңді (2:0).


Алайда келесі кезеңде Париж Гран-приінің жеңімпазы, әлем рейтингінде 5-орында тұрған испаниялық Хавьер Перез Полоның мықты екенін мойындады.



«Осымен екінші рет әлем чемпионатына қатысып тұрмын. Манчестерде (2019 жылғы – ред) ширек финалда ұтылғанмын. Осы жолы жүлде аламын деп келген едім. Дайындығым жақсы болды. Тек жекпе-жектерде бар білгенімді көрсете алмадым. Бар қателік өзімнен кетті», - деді жекпе-жектен кейін Эльдар Бірімбай.



Айта кетейік, Бакуде таеквондодан XXVI әлем чемпионаты бастау алды. Биылғы дода Халықаралық таеквондо федерацясының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.


Алдағы аптада мұнда Париж Олимпиадасына қажет ұпайлар сарапқа салынады. Бұл спортта рейтингі ең жоғары бәсеке – Олимпиада ойындары (G20).


Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6) тұр.


Біздің даянг шеберлеріміз тәуелсіздік жылдары әлем чемпионатында барлығы 8 қола медальге қол жеткізген.


Жүлдегерлер: Қайрат Сарымсақов (2019 бен 2017 жылы), Арман Шылманов (2009 жылы), Аслан Батықұлов, Арман Шылманов, Назгүл Тәжіғұлова (2007 жылы), Лия Нуркина (2003 жылы), Әділхан Сағындықов (1999 жылы).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таеквондо #ӘЧ #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика