AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ ІРГЕТАСЫ

ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ ІРГЕТАСЫ

Білім және ғылым 11.02.2025, 12:15 836 Сейтбек ТОҚТАМҰРАТҰЛЫ, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің директоры
 ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ ІРГЕТАСЫ
Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл – ел экономикасын нығайтудағы стратегиялық қадам. Бастама техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығын арттырып, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге бағытталған.

Бүгінгі таңда экономиканың барлық салаларында білікті мамандарға сұраныс жоғары. Құрылыс, өнеркәсіп, көлік, қызмет көрсету және басқа да салаларда кәсіби шеберлігі жоғары мамандар қажет. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алдында үлкен міндеттер тұр.

«Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі» – еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі беделді оқу орындарының бірі. Колледж 2013 жылы құрылып, бүгінгі таңда еңбек нарығының талаптарына сай жоғары білікті жұмысшы мамандарын даярлаумен айналысып келеді.

Колледждің басты мақсаты – білім алушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың кәсіби дағдыларын дамыту, болашақ маман ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Сондықтан мұндағы білім беру үрдісі де жаңа заман талаптарына сай жүргізіледі. Білім алушылар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, өндірістік тәжірибеден өтеді. Колледж нарықта сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын даярлайды. Мәселен, шаштараз өнері – сән индустриясында сұранысқа ие мамандық. Білім алушылар мұнда шаш қию, бояу, сәндеу әдістерін меңгереді. Сондай-ақ, электр жабдықтары мамандарын даярлау бағдары электр құрылғыларын жөндеу, техникалық қызмет көрсету сияқты дағдыларды үйретеді. Токарь ісі – металл өңдеу, әртүрлі бөлшектерді дайындау бойынша білікті мамандарды даярласа, дәнекерлеу ісі – өндірістің барлық саласында қажетті мамандық, білім алушылар металл құрылымдарын дәнекерлеуді үйренеді. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану – көлік жөндеу саласында аса  сұранысқа ие мамандарды дайындайды. Мәселен, автомобиль жөндеу бойынша слесарь – көліктердің ақауларын анықтап, жөндеуге бағытталған мамандық. Автомобиль көлігін жөндеу шебері – автокөлік диагностикасы, техникалық қызмет көрсету бойынша білім береді. Колледждің «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» бөлімі сән саласына қажет мамандарды дайындайды. Білім алушылар киім үлгісін жасауды, тігуді, сәндік әрлеуді үйренеді.

 

Түлектеріміз табысты еңбек етіп жүр

 

Колледжіміз заманауи материалдық-техникалық базаға ие, оқу шеберханалары, зертханалар, тәжірибелік сабақтарға арналған арнайы кабинеттер бар, заманауи құралдармен жабдықталған. Жоғары білікті оқытушылар, тәжірибелі ұстаздар мен өндіріс саласының мамандары дәріс береді.

 

Білім алушылар кәсіби машықтарын арттыру үшін ірі кәсіпорындар мен шеберханаларда өндірістік тәжірибеден өтеді. Қазіргі таңда түлектеріміз өндіріс орындарында, қызмет көрсету салаларында, жеке кәсіпкерлік бағытында табысты жұмыс істеп жүр. Олар түрлі жарыстар мен олимпиадаларға қатысып, өз білімдерін жетілдіре алады.

 

Бүгінде жұмысшы мамандықтары – ел дамуының басты тірегі. Экономиканың тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты жоғары білікті мамандарға тікелей байланысты. Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі осы міндетті абыроймен атқарып, елдің еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлап келеді. Біз білім алушыларымыздың сапалы білім алып, заманауи технологияларды меңгеруіне, өз ісінің шебері атануына барлық жағдай жасаймыз. Түлектеріміз – ел экономикасының қозғаушы күші, қоғамның сұранысына ие мамандар.

 

Жұмысшы мамандығын игеру – табысты болашаққа жол ашу. Өз ісін жетік меңгерген, кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ғана еліміздің өндірісін алға жылжытып, жаңа белестерді бағындырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #мамандық #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);