AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән бай...

Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән байқауы өтті

Өмір-өзен 16.10.2021, 04:20 1,609 Almaty-akshamy
Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән байқауы өтті
Cурет: Inform.kz

Бас жүлде иегеріне 1 миллион теңге табысталды


Ақтөбеде Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән байқауы өтіп, маңғыстаулық Айгүл Құбаш бас жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» атты ән байқауына барлығы 14 өнерпаз қатысты.
Ал өнер додасында композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, композитор, Т.Досымовтың шәкірті, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі Есенбай Құли, әнші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Әйтімов, Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, ақын Бижан Қалмағанбетов қазылық етті.


Бас жүлдені маңғыстаулық Айгүл Құбаш жеңіп алып, 1 миллион теңгеге ие болды.



«Табылды Досымовтың шығармашылығы терең, бөлек, жаныма жақын. Сондықтан шығармаларын орындап жүрмін. Бұл жолы бас жүлде бұйырды. Барлық қатысушы өте жақсы орындап шықты»,- деді Айгүл Құбаш.



Бірінші орынға тігілген 600 мың теңге Атырау облысынан келген өнерпаз Алтынбек Бақтыкереевке бұйырды.


Екінші орынға (400 мың теңге) Асылбековтер отбасылық дуэті (Қызылорда облысы) лайық деп танылды.


Екі үшінші орынды (200 мың теңге) «А-В» дуэті (Ақтөбе қаласы) және Айбек Кахов (БҚО) өзара бөлісті.


Арнайы жүлдемен (150 мың теңге) ақтөбеліктер Алтыбай Сапарбай және Қуан Жаңбырбай марапатталды.


Қалған қатысушыларға диплом және 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #Табылды Досымов #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);