Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Табиғат аясындағы тамаша демалыс

Табиғат аясындағы тамаша демалыс

Өмір-өзен 04.07.2023, 03:15 1,663
Табиғат аясындағы тамаша демалыс
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мереке аясында мың жасаған шаһардың шамшырағы «Almaty aqshamy» газетінің 35 жылдық мерейтойы аталып өтті.


Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай «Alatau Аqparat» медиахолдингіне біріккен «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Almaty» газеттері мен Аlmaty-akshamy.kz және Vecher.kz сайттарының ұжымы табиғат аясына шығып, демалып қайтты.



Ашық аспан астында ұйымдастырылған мерекелік кешке «Қазақ газеттері» ЖШС Алматы филиалының жетекшісі Думан Анаш, «Түркітілдес журналистер қорының» президенті Нәзия Жоямергенқызы мен «Адырна» қоғамдық ұйымының басшысы Арман Әубәкір қонақ ретінде қатысып, медиахолдинг ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кеш барысында атаулы датаға орай «Alatau Аqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы «Almaty aqshamy» газетінің Бас редакторы Төрехан Данияров пен «Вечерний Almaty» газетінің басшысы Евгений Рақымжановқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатын табыстады.



«Өткен айда «Alatau Аqparat» медиахолдингін дамытуға қатысты бір жылдық стратегиямызды бекіттік. Алдағы уақытта басылымды заман талабына сай, бүгінгі оқырман сұранысына лайық етіп, сапалы контенттер даярлау, жазылымды арттыру сынды жоспарларымыз бар. Ол үшін бізге жұдырықша жұмылып жұмыс істеу керек. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға амандық, шығармашылықтарыңызға шадыман шабыт тілеймін», – деген медиахолдинг басшысы Ержан Қалымбайұлы қос басылымның бірқатар қызметкерлерін марапаттап, көпбалалы отбасыларға балаларға арналған жазғы демалыс лагерьлеріне жолдамалар ұсынды.



Медиахолдингтің күнделікті қызметі мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Almaty aqshamy» газетінің тілшісі Олжас Жолдыбай, корректор Кенже Нүсіпова, бет қаттаушы Айшат Абуова, көлік жүргізуші Нұрсұлтан Құрманов сынды қызметкерлеріміз Алғыс хаттармен марапатталды. Ал Айдын Сұлтанбековке отбасымен демалып қайтуға жолдама берілді.


Таңмен таласа бас қосқан қос ұжымның журналистері бұл күннің Ұлттық домбыра күні екенін де естен шығарған жоқ. Тауға шықса да қанжығасына домбырасын байлап ала жүретін «ақшамдықтар» үшін де бұл киелі аспаптың орны бөлек.


Иә, «әу демейтін қазақ жоқ», «жігітке жеті өнер де аз» деп білетін өнерлі жандар «Ақшамда» да жетерлік. Мерекеге орай жайылған дастархан басында әріптесіміз Естай Божан ақын Жұбан Молдағалиевтің сөзіне жазылған, композитор Илья Жақановтың әні «Еділ мен Жайықты», Кенен Әзірбаевтың «Тік шырқау» әндерін әуелете шырқағанда, ұйып тыңдадық. Күмбірлете күй шерткен әріптестеріміздің өнері де тәнті етті. Мерекелік кеш барысында гитарамен де ән айтылды, би де биленді. Кешіміздің көңілді өтуі үшін қызықты ойындар ұйымдастырылды. Айналасы жасыл желекпен көмкерілген, сылдырап аққан мөлдір суы бар өзен жағасында естелік суреттерге түсті.



«Alatau Аqparat» медиахолдингі табиғат төсіндегі ұжымдық демалысты өзгеше форматта атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыс #БАҚ #Домбыра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46

Жаңа Конституция бойынша референдум: алматылықтардың белсенділігі соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бүгін 23:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика