AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сыртқы істер министрі Швейцарияға ресми сапармен б...

Сыртқы істер министрі Швейцарияға ресми сапармен барды

Саясат 07.09.2021, 05:40 2,200
Сыртқы істер министрі Швейцарияға ресми сапармен барды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан мен Швейцария арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жандануда


СІМ мәліметінше, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцария Конфедерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан мен Швейцария екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді, көп жоспарлы ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Қазақстан СІМ басшысы М.Тілеуберді Швейцария Вице-президенті, Федералдық кеңесшісі (министрі) Игнацио Кассиспен келіссөздерінің негізгі лейтмотиві осындай.




«Швейцария  - Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі. Біз сенімге, өзара құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастар орнаттық. Бұл қатынастар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктестікпен, серпінді сауда ынтымақтастықпен, сондай-ақ саяси және тұлғааралық қатынастармен нығайтылуда», - деді М.Тілеуберді.



Қазақстан мен Швейцарияның жоғары басшылығы арасындағы байланыстардың қарқынды дамуын және екі жақты өзара іс-қимылды нығайтуға өзара мүдделіліктің артып келе жатқанын атап өтіп, тараптар үкіметаралық, парламентаралық және іскерлік байланыстарды дамытуға одан әрі жәрдемдесуге келісті. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың қарашасына жоспарланған Швейцарияға ресми сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды.



Халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу барысында тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көп жақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Келіссөздердің күн тәртібіне өңірлік мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық және су ресурстарын басқару кірді. Дамуға ресми көмек желісі бойынша, атап айтқанда қазақстандық KazAID Халықаралық даму агенттігі және Швейцарияның SDC Даму және ынтымақтастық агенттігі арасындағы бірлескен жұмыс аспектілері қозғалды.


Келіссөздер қорытындысы бойынша делегация басшылары дипломатиялық немесе қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы екі үкіметаралық келісімге қол қойды.



Сыртқы саяси күн тәртібіндегі экономикалық дипломатияның басымдығын ескере отырып, Министр М.Тілеуберді сол күні Швейцарияның «Stadler Rail», «Ammann Group», «Sandoz», «KS Genetics», «Inoks Capital» және «Philip Morris International» ірі компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.


Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ұсына отырып, министр швейцариялық әріптестерді инвестицияларды тартуды ынталандырудың жаңа құралы «Стратегиялық инвестициялық келісіммен» таныстырды.


Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуеті Швейцария бизнесінің химия-фармацевтика және машина жасау, жаңа технологиялар мен энергетика саласында, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) мен қаржы секторында өзара тиімді жобаларды іске асыруға мүдделілігімен расталады. Швейцарияның Қазақстанның ірі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі ретіндегі рөлі мен маңызы атап өтілді. 2020 жылы Швейцария Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша 3-ші орынды, ал біздің елмен екіжақты сауда көлемі бойынша 10-шы орынды иеленді.


Сапар аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен швейцариялық компаниялар арасында Қазақстанның АӨК және машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.


Сыртқы істер министрі бастаған қазақстандық делегация Берн тарихи мұражайында Қазақ мемлекеттілігінің тарихынан бірегей мұрағаттық материалдарға арналған арнайы көрмені аралады. Музейде сондай-ақ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Берн тарихи музейінде және Берн университеті арасында «Орталық Азия мен Швейцарияның түркі халықтарының мұрасы» атты келісімге қол қою рәсімі өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыртқы #іс #министр #Швейцария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);