Сыртқы істер министрі Өзбекстанға ресми сапармен барады

Сыртқы істер министрі Өзбекстанға ресми сапармен барады Сурет: ашық дереккөз

 ҚР Сыртқы істер министрі – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.



«2023 жылдың 17 тамызында өзбек тарапының шақыруы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Бақтияр Саидовпен келіссөздер жүргізіледі. Тараптар көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективаларын талқылау, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарау, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады деп жоспарлануда», - деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.



Сондай-ақ, кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақатстық бағдарламасына қол қойылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21