Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сыртқы істер министрі БҰҰ өкілдерімен кездесті

Сыртқы істер министрі БҰҰ өкілдерімен кездесті

Саясат 22.01.2022, 08:14 1,570
Сыртқы істер министрі БҰҰ өкілдерімен кездесті
Cурет: СІМ

Тараптар тұрақты байланыс орнатуға келісті


Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияға жұмыс сапары барысында БҰҰ-ның Женева бөлімшесінде болды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 


Оның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының орынбасары Нада Әл-Нашиф және Адам құқықтары жөніндегі кеңестің қазіргі Төрағасы - Аргентинаның БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Федерико Вильегаспен кездесулері өтті.



«Тілеуберді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен (АҚЖКБ) өзара іс-қимыл Қазақстан үшін БҰҰ жүйесі ұйымдарымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан АҚЖКБ-ны адам құқықтарын сақтау және қорғау саласында жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде БҰҰ құндылықтары мен мақсаттарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жетекші халықаралық агенттік ретінде қарастырады»,- делінген хабарламада.



Осыған байланысты, қазақстандық тарап АҚЖКБ-нің адам құқықтары саласында жүргізіп жатқан қызметін жоғары бағалай және қолдай отырып, өзінің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2022-2024 жылдарға мүшелігінің басымдығын және БҰҰ АҚК басқа қатысушыларымен іс-қимылдарды үйлестіруді атап өтті.


Сондай-ақ министр сұхбаттастпрын Қазақстандағы соңғы оқиғалардың себептері мен салдары, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті. Қазақстан билігі мұқият және толыққанды тергеу жүргізіп, оның нәтижелері әлемдік қоғамдастыққа ұсынылатындығы атап өтілді.


Келіссөздер барысында Қазақстанның адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелері мен әмбебап қағидаттарын ұстанатыны ерекше атап өтілді. Қазақстан Президентінің нұсқауларына сәйкес, ел одан әрі саяси жаңғырту, экономиканың ашықтығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытынан айнымайды. Жаңа Қазақстанның күн тәртібі қазақстандықтардың қауіпсіз әрі сапалы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыс орнатуға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #адам құқығы #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді

Бүгін 15:44

Референдум мерекелік көңіл күйде: алматылық жастар ән мен би арқылы белсенділік танытты

Бүгін 15:41

Актер Жомарт Зейнәбіл ел болашағы үшін дауыс берді

Бүгін 15:37

Алматылық белгілі суретші Алпысбай Қазғұлов Бакудегі Қазақстан елшілігінде референдумға қатысты

Бүгін 15:37

Күйші Шәміл Әбілтай өз таңдауын жасады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика