AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Ұлттық Банктің мө...

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Ұлттық Банктің мөлшерлемесіне байланысты болады

Әлеумет 20.07.2022, 08:39 1,360
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Ұлттық Банктің мөлшерлемесіне байланысты болады
Сурет:19rus.ru

Бұл жаңалық 25 шілдеден бастап күшіне енеді.


Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы институттары берген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде АӨК субъектілерін қолдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Бұған дейін сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тетігі ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтар мен ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысқа арналған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін 10%-ға, айналым қаражатын толықтыру бойынша 7%-ға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 9%-ға төмендетуді көздеді.



Бұл ретте субсидиялау жылдық 17%-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша жүзеге асырылған болатын.


Енді қағидалардың жаңа редакциясына сәйкес, субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 % теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.


Мысалы, егер қарыз шартын жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі жылдық 14% құраса, бұл жағдайда субсидиялауға жататын номиналды сыйақы мөлшерлемесі 21,5 %-дан аспауы тиіс.  



Қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі мен 7,5% жылдық пайыздық жиынтық сомасы мен қарыз алушының теңгемен төлеген 6% арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады (сыйақының номиналды мөлшерлемесі 21,5% болған кезде АӨК субъектісі 6% төлейді, мемлекет 15,5% субсидиялайды).



Субсидиялауға мынадай бағыттар жатады: 1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған; 2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған; 3) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.


Осылайша, осы бағдарлама шеңберінде қолдау шарттары қаржы нарығындағы өзгерістерге жедел ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып қайта қаралды және бұл субсидиялау қағидаларына жиі өзгерістер енгізу қажеттілігін жояды. Жоғарыда аталған жаңалықтар ағымдағы жылдың 25 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #кредит #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);