Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстан-Рес...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы нығайып келеді

Әлеумет 23.02.2024, 03:31 971
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы нығайып келеді
Сурет: antikor

Мәскеуде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің Ресейдің Бас прокуроры Игорь Красновпен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде өзара құқықтық көмек көрсету, цифрлық шешімдерді пайдалану, адамдарды іздестіру, оқытуды ұйымдастыру, бірлескен жобаларды іске асырудың басым мәселелері талқыланды.


Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару, оларды қаржылық тергеу жүргізу кезінде анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Іс-шара барысында А.Жұмағали Агенттіктің қызметіне және елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.


«Біз Агенттіктің жұмысында алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың теңгерімін саналы түрде қамтамасыз етуге тырысамыз, жемқорлықсыз қоғам құру мақсатында азаматтармен белсенді қарым-қатынас жасаймыз. Біз өзара іс – қимыл үшін ашықпыз және бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз», - деді А.Жұмағали.


Кездесу аясында Ресей Президенті Әкімшілігі мен Бас прокуратурасының өкілдері қазақстандық делегацияны «Посейдон» жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ақпараттық-талдау жүйесімен таныстырды. Бұл жүйе декларациялау жөніндегі талаптар қолданылатын тұлғалардың кірістері мен шығыстары туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.


А. Жұмағали «мұндай жүйелер жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігіне сөзсіз әсер етіп, енгізіліп жатқан кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау жүйесі шеңберінде негізсіз байытуды бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстанда қолдану тұрғысынан зерделенеді.


Жалпы, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, адами факторды алып тастау, бизнес процестердің ашықтығы, «ақшаны бояу» тетігін енгізу, деректер базасын интеграциялау жемқорлықты едәуір азайтуға мүмкіндік береді» деп атап өтті.


Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің органдары арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.


Кездесу соңында Агенттік Төрағасы А. Жұмағали ресейлік әріптестеріне іс-шараны ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сыбайлас #Жемқорлык #Антикоррупция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика