конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сұлулық пен кәсібиліктің үйлесімі

Сұлулық пен кәсібиліктің үйлесімі

Әлеумет 24.01.2025, 16:30 733 Рая Ескендір
Сұлулық пен кәсібиліктің үйлесімі
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматыда Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Алматы сервис және технологиялар колледжінде «Стиль сиқыры» атты республикалық чемпионат өтіп жатыр.

Іс-шара қызмет көрсету саласы кадрларын даярлау бағытында ұйымдастырылып, сұлулық пен қызмет көрсету индустриясының кәсіби шеберлігін дамытуға арналды. Чемпионат Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі Жол картасы мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыру аясында жүзеге асырылды.

Чемпионатта қатысушылар бірнеше бағытта өз шеберліктерін көрсетті. Шаштараз өнері бойынша кешкі, коктейльдік, үйлену шаш үлгілері мен креативті ерлер шаш сәні ұсынылды.

Макияж өнері бойынша «Гүлдер» тақырыбындағы шығармашылық бейнелер жасалды. Іс-шараға Білім басқармасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер және колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Алматы сервис және технологиялар колледжі бұл чемпионаттың ұйымдастырылуында ерекше рөл атқарды. 70 жылдық тарихы бар бұл оқу орны шаштараз өнері мен сәндік косметика бағытында көптеген мамандарды даярлап шығарды. Колледждің халықаралық деңгейдегі жетістіктері көп. Оқу орны «Жас маман» жобасы аясында оқу процесін жаңғыртты, WorldSkills чемпионаттарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ Франция, Италия және Түркия сияқты елдерде халықаралық тағылымдамаларға қатысты.

Чемпионат барысында қатысушылардың жұмыстары жоғары бағаланды. «Стиль сиқыры» чемпионаты жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және жастарды кәсіптік оқытуға тартуға бағытталған маңызды іс-шара ретінде танылды. Ұйымдастырушылар бұл чемпионаттың еңбек нарығының талаптарына сай жаңа буын кадрларын даярлауға үлес қосқанына сенімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гүлдер #Сұлулық #кәсібилік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);