ffin.kz

Суды мақта қауызымен қайта тазалауға болады

Суды мақта қауызымен қайта тазалауға болады Сурет: Gov.kz

 Студенттер суды тазарту әдісін ойлап тапты. 


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, су шаруашылығын дамыту және суару маусымына дайындық барысымен танысты. Министр алдымен елімізде су саласының мамандарын даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Су және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.


Білім ордасы былтыр «Қазфосфат» ЖШС қолдауымен Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен қосдипломды білім беру бағдарламасын іске қосты. Бүгінде 7 студент аталған жоба бойынша Ресейде білім алып жатыр.



«Қосдипломды білім беру бағдарламасы сәтті жүзеге асқанына қуаныштымын. Су ресурстары және ирригация министрлігі білікті кадр даярлау бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, «Болашақ» білім беру бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» және «Су қауіпсіздігі» сияқты жаңа су саласының бағдарламалары енгізілді. Қазақстандық студенттер осы жылдан бастап аталған бағыттар бойынша шетелде білім ала алады. Сонымен қатар, ведомство жанынан кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.



Нұржан Нұржігітов оқу корпустарын, зертханалар мен жылыжай кешенін аралап, университет оқытушылары мен студенттерінің ғылыми әзірлемелерімен танысты.


Мәселен, университет ұстаздары  мен студенттері мақта қауызынан ластанған суды қайта тазалайтын сүзгі әзірлеген. Жоба авторлары әзірлемеге қазірдің өзінде шетелдіктер тарапынан қызығушылық жоғары екенін айтады. Университет қабырғасында жасалған тағы бір маңызды әзірлеме - су үнемдейтін тыңайтқыш. Органикалық қалдықтардың негізінде жасалған тыңайтқыш топырақтың құнарлығын арттырып, ылғалды узақ уақыт сақтайды. Нұржан Нұржігітов министрлік мамандары аталған әзірлемелерді мұқият зерттеп, өндірісте пайдалану мүмкіндіктерін зерделейтінін мәлімдеді.


Жұмыс сапары аясында министр университетте өткен су саласын дамыту тақырыбына арналған форумға қатысты. Нұржан Нұржігітов министрлік жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып, оқытушы-профессорлар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51