AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Судандағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандар сан...

Судандағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті

Әлем 16.04.2023, 15:59 1,124
Судандағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 56-ға жетті
сурет: armeniasputnik.am

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі атысты тоқтатуға шақырды.


Судандағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 56-ға жетті, 595 адам зардап шекті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Елдің дәрігерлер комитетінің хабарлауынша, тек Хартумда 17 адам қаза тауып, 302 адам жарақат алған.


Бұған дейін дәрігерлер 25 адам қаза тауып, 183 адам жараланғанын хабарлаған болатын.


Судандағы жағдай Егемендік кеңесін (елдің басқарушы органы) басқаратын армия қолбасшысы Абдель Фаттах әл-Бурхан мен оның кеңестегі орынбасары - арнайы күштердің қолбасшысы Мұхаммед Хамдан Дагало (Хамидти) арасындағы келіспеушіліктерге байланысты ушығып кетті. 15 сәуір күні таңертең Меров пен Хартумдағы әскери база маңында осы екі құрылым арасында қақтығыстар басталды.


Ал, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі атысты тоқтатуға шақырды.



«Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатып, тыныштықты қалпына келтіруге және Судандағы қазіргі дағдарысты шешу үшін диалогке қайта оралуға шақырды», - делінген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сенбідегі мәлімдемесінде.



Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері аймаққа гуманитарлық көмекке қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті және Суданның бірлігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын жақтайтынын растады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Судан #қарулы қақтығыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ауқымды құрылыс қарқыны»: бір апта ішінде қандай жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды

Бүгін 08:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Кеше 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Кеше 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Кеше 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Кеше 15:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);